Сабақтың тақырыбы: Моншақпен маталар кестелеу Сабақтың мақсаты



бет2/22
Дата09.01.2022
өлшемі353,06 Kb.
#110510
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ж
бассуйексиздер, бассуйексиздер, ж, ж, Курстық жұмыстың мақсаты, Ргз, file-2778 2, Айсәле сро 1960-2000
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.. Жаңа сабақ:
Сумоншақпен (бисерлермен) гүл тоқу.Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың

да тарихы бар. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін VІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі. Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет