Сарамандық жұмыс: Бисермен тоқудың кең тарлаған техникасы - параллельді тоқу. Яғни сым темір бисердің қуысынан параллельді өтеді. Берілген тоқудың негізгі әдістерін қарап көрейік. «Себеттегі гүлдер» тоқу үшін қажетті заттар: себетке – қоңыр түс, гүлдерге – көк немесе сары түсті моншақтар қажет. Суретте берілгендей себет тоқимыз. Тоқуды түп жағынан бастаймыз, яғни сым темірдің бір ұшына ортасына бірінші қатарға 5 моншақ, екінші қатарға 4 моншақ екінші ұшымен бекітеміз. Сымның екі жақ ұшынан жақсылап тартып, сұлба бойынша жалғастырамыз. Модельді орындауда шалып тоқу техникасы себетті тоқуға, параллель тоқу техникасы – жапырақ және гүл тоқуға пайдаланады.