Күні: 16.03.2016 ж.
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 6 «а»
Сабақтың тақырыбы: «Мұқтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы»
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Жазушы, драмашы, көсемсөз шебері, зерттеуші және қоғам қайраткері М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылыығы туралы білімдерін бекіту.
ә) Дамытушылық: Жазушының шығармаларын оқи отырып, сөздік қорын молайтып, жүйелі ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту. Тәрбиелігі: Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу, оқушыларды өз елін, туған жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың технологиясы: Қ.Бітібаеваның ой тастау, ойлау, ойлату
технологиясы.
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, түртіп алу, топпен жұмыс,
Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезовтің портреті, шығармалары, интербелсенді тақта, слайд, «Абай жолы» роман-эпопеясы, жазушылардың пікірлері.
Сабақты ғұлама жазушының өз сөзімен бастаймыз. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
М.Әуезов
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а). Сәлемдесу ә). Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
б). Зейіндерін сабаққа аудару.
Сынып үш топқа бөлінеді, топ бойынша жұмыс жүргізіледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Жазушының өмірі мен шығармашылығы
туралы оқып, жаттап келу. Оқушылар постер қорғайды. 1-топ. Өмірбаяны М.Әуезов 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы) дүниеге келген. Бала Мұқтарды атасы Әуез бен әжесі Дінәсіл тәрбиелейді. Мұхтар атасының қолында өскен. Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы болған. Соның арқасында ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді.
2-топ. Өмір жолы.
Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады. Ресейдегі1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады.
3-топ. Шығармалары. Әңгімелері: «Бүркітші», «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Өскен өркен», «Көксерек»,т.б.
Зерттеуі: Қырғыз эпосы «Манасты» терең зерттеп, монографиялық еңбек жазған.
Мақалалары: «Қазақтың өзгеше мінездері» (Ташкент, «Алаш» газеті), «Адамның негізі – әйел»(Семей, «Сарыарқа» газеті)
Пьесалары: «Еңлік-Кебек» (1922, Орынбор), «Қаргөз»(1926),
«Октябрь үшін» (1933), «Айман – Шолпан» (1934,1936), Қарқыпшақ Қобыланды», « Бекет», «Түнгі сарын»(1934), «Тартыс»(1934), «Тастүлек»(1935), «Абай»,т.б.
Романы: «Абай жолы»
Аудармалары: Шекспир «Отелло», «Асауға тұсау», Гоголь «Ревизор», Погодин «Ақсүйектер», Тренев «Любов Яровая», Тургенев «Дворян ұясы». Ол 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды. 1961 жылы қайтыс болғаннан кейін Республика Үкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.
ІV. Мақсат қою. Қызығушылықты ояту.
1. «Қазақстан үшін екінші Абай кім? 2. Мұқтарды атасы қалай еркелеткен? 3. Әлемдік деңгейде жазылған тұңғыш эпопея. 4.М.Әуезовті біз кім деп танимыз? Сергіту сәті (жеңіл гимнастика) V. Жан-жақты білімін тексеру. «Кім білгіш» ойыны . Мәтін беріледі ол жазушының қай шығармасынан алынғанын табу.
1-топ. «Көксерек» әңгімесі
2-топ. «Жетім» әңгімесі Табиғат балаға қатал, суық көрінеді. Жан – жақта жүдеу тартып, жұмырланған боз төбелер қайғылы сырымен, дүние шерімен сазарғандай. Әрі салқын, әрі қорқынышты күйді есіне түсіргендей болады. Жүрегін қорқыныш басып, жалғыздық жеп келе жатқан баланы не бастап келеді? Жеті түнде айдап шыққан айдаушы кім? Айдаушы сол баланың тағдыры еді. 3-топ. «Абай жолы» романы.
Биыл оның жасы он үшке толған еді. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған.Бұрын мұрны шолақтау еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Толық, балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созылған сияқты. Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді. Қазірде бозғылданған. Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді.
«Абай жолы» роман-эпопеясының басты кейіпкері кім?
«Абай жолы» роман-эпопеясы қанша томнан тұрады?
Бұл роман әлем халықтарының ішіндегі қанша тілге аудырылды?
Көксеректі асыраған кім?
Әңгіме қалай аяқталады?
«Жетім» — деп кімдерді айтамыз? Көз алдарына кімдер елестейді?
Жетім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Сергіту сәті (сурет салғызу)
Эссе жазу: Ұлттық құндылық, салт-дәстүр, имандылық, қолөнер тақырыбында шағын эссе жаздыру. Түйінін айтқызу.
V. Үйге тапсырма. «Жас Мұқтар» әңгімесін оқу.
Бағалау.
Н. Погодин «Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай»
Ғ. Мүсірепов «Абай жолы» романын неше рет қайталап оқысаң, сонша әрдайым жаңа бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда байұалмай кеткен тереңдік табам»
Достарыңызбен бөлісу: |