Сабақтың тақырыбы: Н. Айтұлы «Бәйтерек»



Дата05.05.2020
өлшемі313,64 Kb.
#65789
түріСабақ
Байланысты:
бәйтерек поэмасы


Пәні: әдебиет

Сабақ


Мектеп:


Сабақтың тақырыбы:

Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы


Уақыты:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты

9.2.3. 1 - шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтау

дың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;

9.2.4. 1 - автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу


Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың

мақсаты


Оқушылардың барлығы:

Н.Айтұлы – ән-өлең жанрына да ерекше үлес қосқан ақын туралы біледі
Оқушылардың көбісі:

қазақтың жазушысы туралы мәлімет бере отыра, мәтіннің мәнін ашу, оқушылардың танымдылығын, біліктілігін арттыру



Оқушылардың кейбірі:

Автор шығармашылығында кездесетін метафора, теңеу, образды сөздерді сәйкесінше табады.



Құндылықтарды игерту

Құндылықтар:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

  • Ынтымақтастық;

  • Жауапкершілік;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу дағдылары негізінде жүзеге асады.


Бағалау критерийі


Автор бейнесін анықтап, талдау жасайды, Қазақтың жазушылар шығармашылығымен салыстыра алады.

Пәнаралық байланыс

Тарих

АКТ мүмкіндіктері

Таныстырылым, слайд, таратпа қағаздар

Тілдік

міндеттер

:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Монумент, Астана, елбасы, Тәуелсіздік, құс, жұмыртқа, ағаш, табиғат, қала



Диолог құруға/ шығарма жазуға арналған тіркестер:

ой-қиялынан туды, түп тамыры жер, бейбіт пен өмір



Талқылауға арналған сұрақтар:

Сіздің пікіріңізше, .... не айтар едіңіз,менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін

Бәйтерек деген не?

Қазақстандықтардың өмірінде Бәйтеректің қандай маңызы бар?

Не себепті Самұрық құс ағаштың басына жұмыртқа салады деп ойлайсын?

Неліктен Бәйтерек аңыз ағашы деп аталып кеткен?



Алдыңғы білім


Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік критерийімен таныстыру.

Үй тапсырмасын қайталау

Сұрақ- жауап

Романның авторы? ( М.Дулатов)

.


Power Point бағдарлама

сындағы таныстыры

лымның

4-беті



Сабақтың ортасы

25 мин


5 мин



Мағынаны тану кезеңі.

Несіпбек Айтұлы  -  1950 жылы  Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты(2012ж), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері(2011), «Парасат» орденінің иегері(2004). Таңдамалы жеті томдығы «Фолиант» баспасынан  (2015 ж.) жарық көрген эпик ақын.

 

Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастайды. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін бітірген.



 

1974-1984 жж. «Балдырған» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор. 1984-1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1995-1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры. 1997-2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі.

 

2001 жылдан бастап Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген.



 

Қазақстан Жазушылар одағының секретариат мүшесі, Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы мұражай директоры.

 

Алғашқы «Балалық» деген өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» газетінде, алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрді. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Рухымның падишасы», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек», балаларға арналған «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме» («Серебряный сундучок»), «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары, Шығыстың ұлы шайыры Ә.Науаидың  «Ескендір қорғаны», «Ләйлі-Мәжін»  дастандарын тәржімалап, «Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан. Түріктің VІІ ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміре, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, француз ақыны ДЖ.Родаридың, сондай-ақ, М.Исаковский, А.Барто, С.Михалков, С.Баруздин, В.Берестов, Т.Сыдықов, С.Жусуев өлеңдерін туған тілімізде сөйлеткен.



 

«Бас сүйектері» (1976), «Жасынның сынығы» (1977), «Найзағай» (1978), «Жүректегі жаңғырықтар» (1979) поэмалары кезінде «Жалын» альманахы жариялаған Республикалық конкурстардың жүлделерін, «Мұхтар мен Абыз» толғауы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бас жүлдесін алған. «Мұқағали-Желтоқсан» поэмасы 2001 жылы Республикалық әдеби конкурстың жүлдесіне ие болса, «Бәйтерек» поэмасы әдеби қауым тарапынан жоғары бағаланды. 2004 жылы Мәдениет министрлігі жариялаған Республикалық патриоттық әндер конкурсының Бас жүлдегері.

 

«Бәйтерек»(2003), «Көз жасым» таңдамалы (2006), «Бөрітостаған» (2007), «Ерлікке ескерткіш»(2008), «Сардар»(2008), «Құланойнақ»(2009), «Арқатірек»(2010), «Наурызбай»(2011), «Ту»(2012), «Сарайымнан шыққан сөз»(2014), «Дариға, дәурен»(2018), т.б. кітаптары жарық көрді.



 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.



БББ кестесі. Әр оқушыға таратамын. Білемін, Білгім келеді деген бағанды ғана толтырады.



Бағалау критерийі

Дескриптор

Берілген суреттерге қатысты тірек сөздерді анықтайды. Тірек сөздер мен суреттер бойынша тақырыпқа болжам жасайды.

Әр суретке қатысты тірек сөз жазады;

- барлық суреттерге ортақ тақырып ұсынады;




Ой шақыру» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Несіпбек Айтовтың «Бәйтерек» поэмасын талдау

Кубизм. Кубикті иіреді, қай жағы түссе, сол жағының сұрағына жауап береді.

  1. Суреттеңіз. Елбасы бейнесі

  2. Зерттеңіз. Бәйтеректі тақырып етіп алудағы ақынның мақсаты. Қазақ халқының өткен өмірі поэмада қалай көрініс тапқан?

  3. Байланыстыр. Поэмадағы қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманын салыстыр.

  4. Қолданыңыз. а) Кейіпкер іс-әрекетіне байланысты қандай нақыл сөз, мақал-мәтел айтар едіңіз? ә) Шығармадағы сөз кестелерін, ой айшықтарын тап. Қыл қобыздай, алмастай жарқылдаған, пайғамбардай, ошақтың үш бұтындай, сиырдың бүйрегіндей, ұршықтай, көкжалдай-теңеу, Алатаудың мұзбалағы, Сарыарқа сайын дала-жер кіндігі, Нұрсұлтан-арқа тірек, алтын діңгек, халқы-бала, самсаған қара орманым-байтақ елім-метафора, қызыл тіл, ақ қағаз алтын қалам, ақ сарай, қара қылды, көк дауылы, көк семсер, сайын дала, қара орманым-эпитет).

  5. Талқылаңыз. Азаттық, тәуелсіздік жайында

Салыстырыңыз. Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасы мен Маралтай Ыбыраевтың «Көшбасшы» поэмасындағы ортақ идеяны салыстыр.

«Өрмекші» ойыны арқылы автордың толғауларындағы өзінің бейнесін тануына ықпал ету.

РАФТ стратегиясы

Мысалы:


Р-Момыш 

А- ХХ! Ғасыр ұрпағына

Ф-өсиет 

Дескриптор:



Бағалау критерийі

Дескрипторлар


Автор бейнесін анықтап, талдау жасайды, Жиембет жырау шығармашылығымен салыстыра алады.

1.Оқушы 3 деңгейдегі тапсырманың әрқайсысынан кем дегенде 2 орындайды;

2.Оқушы әдеби теориялық терминдердің ережесін біліп, сабақта тиісінше қолданады;


3.Оқушы автордың бейнесін толғаулары арқылы сипаттайды;

4.Оқушы автордың толғауларын Жиембет жыраудың шығармашылығымен орынды салыстырады

4-тапсырма «Жуан-жіңішке сұрақтар» әдісі. Мәтін бойынша жуан, жіңішке сұрақтар құрастыру арқылы сабақты қорытындылау.

Жіңішке сұрақтар:

Аңызда қандай кейіпкерлер бар?

«Бәйтерек» сөзінің мағынасы қандай?

Жуан сұрақтар:

Бәйтерек неге үш әлемді байланыстырушы дәнекер деп есептеледі?

Аңыздың негізгі идеясы қандай?

Алтын жұмыртқа деп нені атаған?



Қ/Б: Бағдаршам» әдісібағалау


Миыңның суретін сал.Оқушылар мидың суретін салады, сабақта меңгерген материалды тірек сөздер арқылы ми қыртыстарына жазады.



і


Таратпа қағаздар

Сабақтың соңы

5 мин



5 мин

Ескерту!

45 минут жалпы білім беретін мектеп уақытына сай құрылды

Қ/Б: «Бағдаршам» әдісі



Power Point бағдарлама

сындағы таныстыры

лымның



Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)


Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.




Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау
Талқылауды бақылауда оқушылардың жалпы реформаныңмаңызын түсінудің деңгейін бағалау



Пәнаралық байланыс: тарих

Белсенді оқыту әдістерін қолдану,



Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау,еліміздің патриоты бола білетін,салауатты өмір салтымен жүретін және саналы да білімді оқушыны дайындау

Рефлексия
Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар жинақы мәтін жасауды, топта үйренді, алдағы уақытта олар, жеке жасап жаттығады. Уақытымды үнемді пайдалана алдым,өйткені жоспарлаған әркеттер орындалды. Дифференциациялық тапсырмалар бұл сабақта жоспарланған жоқ.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:
2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:
2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет