Сабақтың тақырыбы: Найзағай. Д. Қасенов
|
Күні:14.04.2017 ж
|
Оқу мақсаты:
|
Мәтіндегі негізгі ой арқылы оқушылар танымдық мүмкіндіктерін дамытады. Мәтін бойынша тапсырмаларды орындай алады.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Өз білгендерімен бөліседі. Табиғат тылсымдары туралы жаңа білімге ие болады. Мәтінді мазмұндап береді.
|
Қолданылатын әдіс – тәсілдер:
|
Модульдық кіріктірілу. Блум таксономиясы. Кубизм әдісі
|
Ресурстар
|
Аудиожазылым, үлестірме парақшалар , Куб, автор портреті, интербелсенді тақта, қолшатырлар, бағалау парақшалары (критерийлер бойынша)
|
Құндылықтарды дарыту
|
Табиғаттың тылсым құпияларын үйрену арқылы , қауіпсіздікті сақтауға, табиғатты аялауға баулу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану, қазақ тілі
|
Тілдік құзіреттілік
|
Найзағай – гроза – storm
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс -әрекеті
|
Оқушылардың іс – әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі.
|
Мәтін жаз мезгілімен байланысты болғандықтан, оқушыларды «маусым, шілде, тамыз» атты топтарға бөлу.
|
Оқушылар: көк, жасыл, және қызғылт түстер арқылы таңдау жасап, кейбір түсті қағаздағы үй тапсырмасы жазылған сұрақтарға жауап береді.
|
«Отамалы» әңгімесі қай шығармадан алынған?
Оның авторы кім?
Мәтіннің негізгі кейіпкері кім?
Мәтіндегі оқиға қай мезгілде, қай айда болыпты?
«Отамалы» деген сөздің мағынасын Абай кімнен алғаш есітті?
Қарабас кім, ол туралы не білдің?
|
Сабақтың басы.
Білім
|
Аудиожазылым тыңдату: найзағайдың және нөсерлетіп жауған жаңбырдың дыбысы
Полиглот : Найзағай – гроза – storm
|
Оқушылар жазбаны тыңдайды, ненің дауысы екенін ажыратады.
Табиғаттағы дыбыстар
Техникалық дыбыстар
Музыкалық дыбыстар
|
Жетелеуші, бағыттаушы сұрақтар: Кубизм әдісін қолдану
Талда: Аудиожазылымның сабаққа қатысы бар ма?
Зертте:Найзағай туралы не білесің?
Дәлелде: Нөсер мен қарапайым жаңбырдың айырмашылығы бар ма?
Қолдан:Жаңбыр суын қолдануға бола ма?
Сипатта: мәтінде берілген сурет бойынша, болжам жаса.
|
Сабақтың ортасы:
Түсіну
Қолдану
|
Автор туралы мәлімет
Оқулықпен жұмыс
Топтық жұмыс
1.Мәтін бойынша әр топ сұрақтар дайындайды
|
Бейнелік жады арқылы есте сақтауы.
Сөздікті жұмыс дәптеріне жазады. Сөйлем құрайды.
Оқылған мәтінді тыңдайды, мазмұнын айтуды белсенділік танытады;
Мәтінді түсініп оқуы;
Әрбір топ мәтін бойынша бірнеше сұраулы сөйлемдер құрастырады.
|
Сергіту минуты
|
Жаңбыр жауғанда бір қолшатырдың астына бірігу.
Қолшатырды жаю, бір қолшатыр астына бірігу қимылын көрсету.
|
Талдау
Синтез
Бағалау
|
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Мәтін ұнады ма?
Мәтіннің қай тұсы әсер қалдырды?
Қандай жаңалықтарды білдің?
Өзің қалай әрекет етер едің?
|
Мәтін бойынша жоспар құрады, оқып береді.
Мәтінді мазмұндайды.
Бірлескен оқу:
Берілген сұрақтарға бірлесе отырып жауап жазады. Оны тақтаға шығып қорғайды.
|
Сабақтың соңы
Кері байланыс
Рефлексия
|
Үй тапсырмасын нақтылау
|
Үй тапсырмасын жазып алады.
Мәтінді оқу, мазмұндау
Найзағай туралы қосымша деректер жинау
|
Бағалау парақшасы арқылы (өзін – өзі бағалау)
Гүлдер қималары арқылы (сыныптасын бағалайды)
Сабақты бағалау кестесі - №1 (сабаққа кері байланыс береді)
Қорытындылау. Сабақты аяқтау
|