Сабақтың тақырыбы: Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу



бет13/13
Дата14.05.2020
өлшемі34,07 Kb.
#68020
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
МХ-18-1,2,3 11.05.2020 Каз

средства (инструменты) государственного регулирования экономики:

  • административно-правовые инструменты;

  • финансовая (налоговая) система;

  • кредитно-денежная система государства;

  • государственная собственность;

  • государственный заказ.

Наряду с перечисленными инструментами государственного регулирования экономики, имеющими внутриэкономическую направленность, существует арсенал средств внешнеэкономического регулирования.

Практически все рычаги воздействия на процесс воспроизводства внутри страны оказывают существенное влияние на внешнеэкономические связи: изменение учетной ставки, налогообложения; новые льготы и субсидии на инвестиции в основной капитал; и др


1. Мемлекеттің экономикалық қызметтері

Нарықтық экономика дамыған сайын оның құрылымы күрделірек. «Таза » нарықтық экономика өзінің табиғи заңдылықтары арқасында қозғалыста болады. Осы қозғалыстың арасында дағдарыстар және т.б. зиянды салдар болуы мүмкін. Сондықтан экономиканы мемлекеттік реттеудің бірінші себебі, қоғамды терең экономикалық дағдарыстардан, өндірістің құлдырауынан сақтау керек.

Реттеудің екінші себебі, ғылыми –техникалық прогресті қамтамасыз ету. Әрине, нарық өз табиғатымен ҒТП өз-өзін итермелейді. Бәсекеден қалмауы үшін және керекті пайда түсіру үшін бүгінгі кәсіпкер ҒТП байланысты құрал-жабдықты пайдалануға тырысады. Ал мемлекет негізінде жеке кәсіпкердің қолынан келмейтін ірі ғылыми –техникалық жобаларды, бағдарламаларды өз мойнына алады. Олар: ғарышты зерттеу, табиғатты қорғау, жалпы адамзаттық ауруларды зерттеу (СПИД, құс тұмауы т.б.), энергияның жаңа түрлерін зерттеу және т.с.с.

Нарықтық экономика 20 ғасыр шенiнде өзiнiң дамуының жаңа кезеңiне аяқ басады. Ғылыми техникалық революция, өнеркәсiп өндiрiсiнiң шұғыл өсуi, өнеркәсiптiң және банк капиталдарының шоғырлануы нарықтық қатынастың сол кездегi күрделi жаңа құрылымын құрды. Мемлекеттiк реттеудiң қажеттiлiгi мынадай негiзгi себептермен түсiндiрiледi:

 Өндiрiстiң шоғырлануы және монополизмнiң өсуi экономиканы үнемi дағдарысқа және диспропорция ға әкеледi. Сондықтан, мемлекетiң монополияға қарсы саясаты қажет.

 Нарықтық механизм байлық пен кедейшiлiктi тудырады. Мемлекеттiк ретеудiң мақсаты болып адамдардың әл-ауқатын жақсарту болып табылады.

 Мемлекетiк мүдденi қарастыратын салалар мен сфералар бар, оның iшiнде, ұлттық қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, жалпыға бiрдей бiлiм беру, мемлекеттiк қызметкерлердi ұстау, iргелi ғылым, тарихи құндылықтар. Бұлардың кейбiреулерi кәсiпкерлер үшiн тиiм әкелмейдi.

 Нарықтық заңдар экономикаға тербелiстер мен дағдарыстар әкеледi. Сондықтан, мемлекет экономикалық тұрақтылық пен экономиканың өсуiн қамтамасыз етуi қажет.

 Мемлекет нарықтық механизмге тән емес ұлттық экономика дамуының перспективалық стратегиясын анықтайды.

Нарықтық экономикада мемлекет кәсiпкерлiк сияқты пайда табуға ұмтылмайды, реттеушi мақсатқа ие болады. Бұл экономиканы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi қағидасы болып табылады. Реттеу дегеніміз бұл біріншіден бақылау , екіншіден экономикалық бағытын көрсету. Экономикадағы мемлекеттiң ролi оның экономикалық қызметтерiнен көрiнедi. Атқаратын қызметтердi келесiдей бөлуге болады:

Экономиканың заңдылық базасын құру, бәсекелестiктi қолдау, қоғамдық тауарлармен қамтамасыз ету, табыстарды бөлу мен қайта бөлу, iшкi және жанама нәтижелердi реттеу, экономиканы тұрақтандыру, экономикалық болжау жасау.

Көптеген елдердерде экономиканы мемлекеттік реттеудің түпкілікті мақсаты қоғамды әлеуметтік тепе-теңдікке жеткізу, яғни халықтың көпшілігінің тұрмыс жағдайын орта деңгейге көтеру.


Реттеудің классикалық және кейнсиандық үлгілері


Экономиканы мемлекеттік реттеудің жалпы екі бағыты бар: Классикалық және кейнсиандық. Классикалық мектептің бастаушылары Адам Смит, Давид Рикардо және т.б. Бұл үлгіге сәйкес өндірушілер де , тұтынушылар да рыноктың ережелеріне сай қызмет атқарады.

Мұндай үлгіні тұңғыш рет А.Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» деген әйгілі кітабында (1776 ж.) ұсынған болатын. А.Смит пікірінше, жеке тауар өндірушілер рыногы мемлекеттің бақылауынан түгелдей босауы керек, өйткені экономикалық заңдар өзіндік қайшылықтарды өз-өзімен шешеді. А.Смит сөзімен дәлірек айтқанда рынокты өздігінен реттейтін «көрінбейтін қол» ешбір сыртқы ықпалсыз, мемлекеттің қатысуынсыз өндірушілерді бүліл қоғам мүддесіне қызмет етуге жұмылдырады. Мемлекет жеке фирмалардың, кәсіпкерлердің жағдайына, әсіресе рыноктың ұсыныс шарттарына көп назар аударуы керек. Ол шарттарға жататыны қолайлы несие алу және салықтарды төлеу. Сонымен классикалық мектептің экономистері жеке кәсіпкерлік қызметті жақтай отырып, мемлекеттің рыноктық механизмге араласуына қарсы күресті және жеке мүдделерді қорғау мақсатында қоғам тарапынан қолдау іздеді. Алайда,адамзаттың көп жылғы даму тарихы көрсеткендей,жеке мүдде тұтас алғанда қоғамдық мүдделерге әрдайым сай келе бермейді.Мысалы,жекелеген коммерциялық фирмалар мен бірқатар сатып алушылар рынокта жоғары сұраныс туғызатын наркотиктер,арақ-шарап,темекі,қару-жарақ т.б ерекше тауарлар мен қызмет түрлеріне тез көңіл аударады. Әрине, әлеуметтік мораль мен адам өмірін қорғау тұрғысынан бұл әрекеттерге мемлекет бейтарап қала алмайды. Сөз жоқ,мемлекет мұндай жағдайда рынокты қадағалап, реттеу жұмысына араласуы керек.



Қазіргі заманда неоклассикалық мектептің монетаризм теориясы бойынша мемлекет кәсіпкерлікке жағдай жасау үшін қатал қаржылық саясатты жүргізуге ұмтылу керек. Оның мәні қаражаттарды босқа шашпай тек қана ең керекті өндірістерге күрделі қаржылармен инвестиция жасауға тырысу керек. Сонымен бірге, бюджеттік және әлеуметтік шығындарды азайту, банк арналған қатал саясат жүргізу. Осындай қатал саясатпне инфляция деңгей» айтарлықтай төиендейді және салықтарды азайтуға, несие пайызын төмендетуге мүмкіншілік ұлғая бастайды. Ал мұндай мүмкіншіліктер кәсіпкерлікті ынталандырады.

Кейнсиандық теорияның бастаушысы ағылшын экономисі Дж.М. Кейнс. Осы мектептің өкілдерінің айтуы бойынша мемлекет экономиканы белсенді түрде реттеуі қажет. Олай болмаса дағдарыстар, жұмыссыздық, инфляция басқа да зиянды салдар өз бетімен шешілмейді. Классикалық теория жиынтық ұсыныс жаққа назар аударса, ал Кейнс жиынтық сұранысты ынталандыруға үлес салады. Ұсыныс өздігінен сұранысты тудырады деген Ж.Б. Сэйдің заңын сынай отырып , Кейнс үздіксіз дамуды қамтамасыз ету үшін сұранысты ынталандыру, тиімді сұраныс пен ұлттық табыстың өсімін қалыптастыратын факторларға әсер ету қажет деген логикалық тұжырым жасады. Кейнстің бұл бағыттағы негізгі жұмысы – «Жұмыспен қамту , ақша және проценттің жалпы теориясы» 1936 жылы жарық көрді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет