Салық жүйесінің элементтері: Салық субъектісі – заң бойынша салық төлеу міндетті адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жіктелуі мүмкін. Сондықтан арнайы салық төлеу қызметтерін атқарушы тұлға белгіленеді.
Салық оюъектісі – салықтың есебі неге жүргізіледі (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік).
Салықтың көзі – салық неден төленеді.
Салық ставкасы – салық салу бірлігіне келетін салықтың көлемі.
Салық жеңілдіктері.
Салық қызметтері:
Фиксальды (тіркелген ) немесе жұмылдыру қызметі. Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар мемлекеттің саяси шаруашылық қызметтің атқарудың қаржы негізі болып табылады.
Бөлу қызметі. Салық механизмі арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің көп бөлігі жұмылдыруда болады. Салық арқылы мемлекет әскери, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландырады. Салық мемлекетке қаржыны әр түрлі топтардың арасында территория, облыс, аудандар бойынша барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.