Қаржы негізінде төрт қызмет атқарады:
1. Бөлу – қызмет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға,қорғанысты дамытуға бағыттайды.
2. Реттеу- мемлкет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.
3. Ынталандыру- кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.
4. Бақылау- бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.
ІІ. Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін және мемлекеттік құрылысын қаматмасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қажылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік- экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақттарымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану сыртқы экономикалық қызмет шығындары. Халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.
Достарыңызбен бөлісу: |