Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері тақырыбын қайталауаға есептер шығару Сілтеме



бет18/38
Дата20.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43947
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38



Күні







Сабақтың тақырыбы

Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Жақшаны ашу

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Жақшаны ашу туралы түсінік беру, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын нығайту. Алған білімдерін өз бетінше тексеруге, дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей коэффициент, ұқсас қосылғыштар және оларды біріктіру, жақшаны ашу тақырыптарына есептер шығару арқылы оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой толғау, мәтінмен жұмыс

Алгебралық өрнектегі жақшаны ашуда көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті немесе рационал сандарға амалдар қолданудағы таңбалар ережесі пайдаланылады. 1) Егер жақшаның алдында «+» таңбасы тұрса, жақшаны ашқан кезде жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары сақталады. Мысалы: а+(-b+c-d)=a-b+c-d.

2)Егер жақшаның алдында «-» таңбасы тұрса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі таңбалар қарама-қарсы таңбаға ауысады.

Мысалы: a-(b-c+d)=a-b+c-d.

3) Көбейтіндідегі жақшаны ашқанда көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті қолданылады. Мысалы: (a+b+c)•d=ad+bd+cd.

Алгебралық өрнектерде ұқсас қосылғыштарды біріктіруге болады. Әріп қосылғыштары бірдей, бірақ коэффициенттері әртүрлі қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады. Коэффициент – әріп алдындағы сан.

Мысалы: 2,3а+3,2а-1,4а+3,5а=

=а(2,3+3,2-1,4+3,5).


Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып, өз бетінше білім алуға талпынады, есте сақтайды, білімдерін шыңдайды.

Тапсырмалар

№762 Жақшаларды ашып жазыңдар:

1) а+(b-c); 4) 9-(a+b+c); 7) а-(b-c+d);

2) х-(у+2); 5) х-(-3+у-z); 8) х+(у-z+8);

3) m-(-n-k); 6) m+(8+n-k); 9) m-(-2+n+k).

№763 Өрнектерді ықшамдаңдар:

1) 4,5х+2х; 4) у-3у+4;

2) 3,1х-4х; 5) -4m-4m+9,9m;

3) 5,6у-3+6,1у; 6) n-2n+n.

№764 Жақшаларды ашып жазыңдар:

1) 1,9(а+2); 4) -3(1,6+у);

2) 3(а-1,7); 5) 1,3(a-b);

3) -2(х-0,9); 6) -4(х+у).

№767 Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығарыңдар:

1) 4х-2у; 4) mx-nx; 7) 2,5а-3b;

2) 15а+21b; 5) ху-2х; 8) 0,6х-0,8у;

3) 35х-20у; 6) 5х+10у; 9) 1,8а+2,7b.



Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен, топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§23 ережелерді жаттау, есте сақтау №765,766

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Жақшаны ашу тақырыптарына есептер шығару

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Жақшаны ашу туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын нығайту. Алған білімдерін өз бетінше тексеруге, дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей коэффициент, ұқсас қосылғыштар және оларды біріктіру, жақшаны ашу тақырыптарына есептер шығару арқылы оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап әдісі

1) Коэффициент дегеніміз не?

2) Ұқсас қосылғыштар дегеніміз не?

3) Ұқсас қосылғыштарды қалай біріктіреміз?

4) Егер жақша алдында «+» таңбасы тұрса, жақшаны ашқанда таңбалар қалай өзгереді?

5) Егер жақша алдында «-» таңбасы тұрса, жақшаны ашқанда таңбалар қалай өзгереді?


Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, білімдерін тексереді, шыңдайды, дамытады.

Тапсырмалар

№768 Теңдіктер тура болатындай етіп, жақшалар қойып жазыңдар:

1) a-b+a=-b 4) 10-а-2=12-а

a-(b+a)=-b 10-(а-2)=12-а

2) a-a-c=c 5) 9-а+4=5-а

a-(a-c)=c 9-(а+4)=5-а

3) 5-3+c=2-с 6) а-5+а=-5

(5-3)+с=2-c а-(5+а)=-5

№769 Кітап сөресіндегі кітаптар үш қатарға орналастырылған. Бірінші қатарда а кітап, екінші қатарда бірінші қатардағыдан 6 кітап артық, ал үшінші қатарда екінші қатардағыдан 2 кітап кем. Кітап сөресінде барлығы неше кітап бар? Ш: а+(а+6)+(а+6-2)=3а+10.

№770 Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені одан 3см қысқа. Тік төртбұрыштың периметрі неге тең? Ш: Р=2(а+а-3) Р=2а+2а-6 Р=4а-6

№775 Жақшаларды ашып, өрнектерді ықшамдаңдар:

1) (3х+у)-(х-4у); 4) (m+3)-(6m+5)-(m-1);

2) (х+6у)-(8х-7); 5) (х-у)+(х+у)-(2х+у);

3) (m+n)-(m-n); 6) (0,2х-3)-(х-2)-(0,4х-1).

№776 Жақшаларды ашып, өрнектерді ықшамдаңдар:

1) 3х(а+1,5)-4ах; 4) 2,3(b-8)-(b-3,4);

2) m(n-k)+mk; 5) -6(a-b)-2(a-3b);

3) -5(1,8-у)+7; 6) -6(х+у)+3(2х+у).

№777 Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығарыңдар:

1) ab+bc-by; 3) ax+bx-cy+dy;

2) 3a-6b+12c; 4) 4a-12b-8c-32d.

№778 Жақшаларды ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктіріңдер:

1) 3)



2) 4)

Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен, топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§23 ережелерді жаттау, есте сақтау №771,774


Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет