Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
Қар-снег
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
«Миға шабуыл» стратегиясы (Презентацияда берілген сұрақтарға жауап беру) 1. Математикадағы “” және “_________деп аталады.
2. Мұндағы, “” және “
3. Координаталық сәуледе кіші сан_______жақтағы нүктемен, ал одан үлкен сан ____жақтағы нүктемен кескінделеді.
4.Салыстырылатын екі натурал санның разрядтар саны __________.
5. Разрядтар саны әр түрлі екі натурал санның қайсысының разряды __________ болса, сол сан үлкен болады.
6.Салыстырылатын екі натурал санның разрядтар саны __________________.
7.Разрядтар саны бірдей екі натурал сан жоғарғы разрядтарынан бастап _______________ разрядтары бойынша салыстырылады.
8.Егер екі натурал санның разрядтар саны бірдей және аттас разрядтардағы цифрлары бірдей болса, онда мұндай натурал сандар өзара___________________болады.
9.Кез келген 3 санды салыстыру___________түрінде жазылады.
10.Қос теңсіздіктер___________ саннан бастап оқылады.
слайд
Сабақтың ортасы
8 минут
I тәсіл. Натурал сандарды санауы бойынша салыстыру.
Анықтама: Екі натурал санды санағанда өсуретімен алғашқы айтылғаны кіші, ал кейін айтылғаны үлкен болады.
Мысал келтіріңдер:
II тәсіл. Натурал сандарды жазылуы бойынша салыстыру.
Анықтама: Екі натурал санның жазылуында қайсысының разряды үлкен болса, сол сан үлкен және қайсысының разряды кіші болса сол сан кіші болады.
Мысалы, 101 > 99, өйткені 101 санның жазылуында үш разряд, ал 99 санның жазылуында екі разряд бар, яғни 101 санның разрядтар саны 99 санның разрядтар санынан көп.
Анықтама: Разрядтары бірдей екі натурал санның қайсысының (солдан оңға қарай) бірдей разрядтағы цифры үлкен болса, сол сан үлкен болады.
Мысалы, себебі 3>1.
Салыстырыңдар: 5814 □ 5814, 6230□6240
Анықтама: Екі натурал санның разрядтар саны мен бірдей разрядтағы цифрлары бірдей болса, онда олар тең болады.
Мысалы,
III тәсіл. Натурал сандардың координаталық сәуледе орналасуы бойынша салыстыру.
Анықтама: Екі натурал санның координаталық сәуледе сол жақта орналасқаны кіші, ал оң жақта орналасқаны үлкен болады.
Мысалы,
О 1-сурет
0 1 14 19
19 саны 14 санының оң жағында орналасқан, сондықтан 19 >14.
Егер қандай да бір сан біреуі сол жағында, ал екіншісі оң жағында орналасқан екі санмен салыстырылса, онда қос теңсіздік қолданылады.
Мысалы,
О
• • • • 2-сурет
0 1 12 15 19
15 саны координаталық сәуледе 12 санының оң жағында, ал 19 санының сол жағында орналасқан. Онда 12<15 <19 деп жазамыз. Мұндай жазуды қос теңсіздік дейміз.
12<15 <19 қос теңсіздігінің оқылуы:
-15 саны 12-ден үлкен, бірақ 19-дан кіші немесе 15 саны 19-дан кіші, 12-ден үлкенОқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жүргізу.