Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Ертегі кейіпкерлерін атай алады, ертегі кейіпкерлерінің рөлін ойнай алады жэне і
дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, і дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Тірек суреттер бойынша ертегі мазмұнын айта алады, і дыбысын меңгереді
Кейбір оқушылар:
Ертегі мазмұнын өз сөздерімен айта алады, і дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады..
|
Сабақтың ортасы
3-38мин
|
Ғажайып сәт: Алманы барлық бала иіскеп көреді.
-Алма сендерге ұнады ма?
Неліктен ұнады?.
-Балалар : Дәмді.
-Балалар,бізге алма жеген ұнайды .
-Ал енді мен сендерге «Не дәмді?»ертегісін оқып беремін.
1- тапсырма Ертегі оқылады
Бір басқосқанда құстармен хайуанаттар тамақтың дәмді екенін талқылапты.Сонда тауық:
Ең дәмді тамақ-тары,-депті қыт-қыттап.
-Тапқан екенсің дәмді тамақты!
Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін!-дейді Ит абалап.
-Бәріңде білмейсің.Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ,-дейді қоян,екі құлағын тікірейтіп.
-Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді!-деп,ешкі маңырапты.
-Шіркін,қою сүтті айтсаңшы!,-деп мысық тамсанады.
Сөйтіп,әркім өзі сүйетін тағамды мақтап,қызыл кеңірдек болысып,бәтуаға келе алмай,тарасыпты.
-Ал,балалар ертегіден нені түсіндіңдер?
-Балалар,өз үйлеріңде аналарың немесе әкелерің және өзің нені жақсы көресіңдер?
Балалар сүйетін тағамдарын айтады.
-Көрдіңдер ме?Әр адамдардың да өз сүйікті тағамдары бар.Қандайда тамақ болсын,жиркеніп жеуге болмайды.Астың бәрі дәмді де тәтті.
(Т)2-тапсырмада оқушылар топқа бөлінеді. Содан кейін әр топқа қоян, ит, тауық, мысық, ешкі және сүйек, дән, орамжапырақ, сәбіз, сүттің суреті таратылады. Ton мүшелері суреттерді сәйкестігіне қарай қойып шығуы керек.
Мысалы: қоян - сәбіз, ит - сүйек, ешкі - орамжапырақ, тауық - дән, мысық –сүт
Сергіту жаттығуы:
Алма баққа барайық,
Алма жинап алайық,
Ең үлкенін дәмдісін,
Әжемізге сыйлайық.
(Ж) 3-тапсырмада оқушылар жүппен жұмыс істейді. Олар бір-біріне «Сен ертегі білесің бе?» деген сұрақты қояды.
Оқушылар өз калауы бойынша жауап береді. Егер
оқушы «Иә, білемін» деп жауап берсе, бірінші оқушы«Қандай ертегі білесің?» деген сұрақ қоя алады.
Негізі оқушылар қазір екі ертегі біледі («Мақта қыз бен мысық», «Не дәмді?»). Сондықтан олар өздері қалаған бір ертегіні
атай алады.
(МК, Ұ) 4-тапсырмада окушылар ертегі кейіпкерлері сияқты өздері үшін ең дәмді не екенін айта алады.
(МК, Ұ) Мұғалім і дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің і дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды і
дыбысымен және оның әрпімен таныстырады.
Ауциодискіден і дыбысының айтылуын және і дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға і дыбысын айтқан кезде
тілдің, жақтың, еріннің қатысы болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттыктырады.
Мәселен, тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі. Сондай-ақ дауысты дыбыстардың
жуан, жіңішке айтылуын жуан, жіңішке дауыстыларды салыстыра беру арқылы жаттықтыруға болады.
Мәселен:
ы-і.
Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар і дыбысының дауысты
дыбыс екенімен танысады.
Мұғалім і дыбысы - дауысты дыбыс болғандыкган, оқулықта
қызыл түспен берілгенін түсіндіреді.
I дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
|
Алмалар
Не дәмді ертегісі ?
№2 дәптер
|