Сабақтың тақырыбы Не дәмді? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасы



Дата24.04.2017
өлшемі261,19 Kb.
#14816
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім:



Салт- дәстүр және ауыз әдебиеті

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Не дәмді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтеме)


  1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

  1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша

қарапайым (кім? не? қандай? қанша/неше?) сұрақ қоя білу.

  1. Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары

бойынша заттардың таныс атауларын жазу.

1.5.2.1.Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.










Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ертегі кейіпкерлерін атай алады, ертегі кейіпкерлерінің рөлін ойнай алады жэне і

дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, і дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тірек суреттер бойынша ертегі мазмұнын айта алады, і дыбысын меңгереді



Кейбір оқушылар:

Ертегі мазмұнын өз сөздерімен айта алады, і дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады..



Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді.

Сурет бойынша сөйлеммен өз ойларын білдіре алады;

Ертегінің мағынасын ашады, заттардың таныс атауларын жаза алады;

Әріп пен дыбысты ажырата біледі, төл дыбыстарды дұрыс айтады;




Дескриптор

Сурет бойынша тыңдап айтады;

Сұрақ қоя біледі қойылған сұраққа жауап береді;



Жуан жіңішке дауыстыларды ажырата алады;

Тілдік мақсаттар

Дән,сүйек,сүт,орамжапырақ.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу.

АКТ қолдану дағдылары



Бастапқы білім

Мен ертегі білемін.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2минут

(МК.Ұ) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.

Дөңгеленіп тұрайық



шеңберді біз құрайық

Қол ұстасып бәріміз

Ақ тілекті жолдайық

Әлемде нұр тыныштық

Әрбір бейбіт күн ыстық

Қайырлы таң мектебім

Қайырлы күн достарым

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Сәлем! Сәлем! Сәлем!

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.





Шаттық шебері



Оқулық. Аудиодиск:

6.6.1.;  6.6.3.; 6.6.5.

Сабақтың ортасы

3-38мин



Ғажайып сәт: Алманы барлық бала иіскеп көреді.

-Алма сендерге ұнады ма?

Неліктен ұнады?.

-Балалар : Дәмді.

-Балалар,бізге алма жеген ұнайды .

-Ал енді мен сендерге «Не дәмді?»ертегісін оқып беремін.



1- тапсырма Ертегі оқылады

Бір басқосқанда  құстармен хайуанаттар тамақтың дәмді екенін талқылапты.Сонда тауық:

Ең дәмді тамақ-тары,-депті қыт-қыттап.

-Тапқан екенсің дәмді тамақты!

Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін!-дейді Ит абалап.

-Бәріңде білмейсің.Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ,-дейді қоян,екі құлағын тікірейтіп.

-Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді!-деп,ешкі маңырапты.

-Шіркін,қою сүтті айтсаңшы!,-деп мысық тамсанады.

Сөйтіп,әркім өзі сүйетін тағамды мақтап,қызыл кеңірдек болысып,бәтуаға келе алмай,тарасыпты.

-Ал,балалар ертегіден нені түсіндіңдер?

-Балалар,өз үйлеріңде аналарың немесе әкелерің және өзің нені жақсы көресіңдер?

Балалар сүйетін тағамдарын айтады.

-Көрдіңдер ме?Әр адамдардың да өз сүйікті тағамдары бар.Қандайда тамақ болсын,жиркеніп жеуге болмайды.Астың бәрі дәмді де тәтті.

(Т)2-тапсырмада оқушылар топқа бөлінеді. Содан кейін әр топқа қоян, ит, тауық, мысық, ешкі және сүйек, дән, орамжапырақ, сәбіз, сүттің суреті таратылады. Ton мүшелері суреттерді сәйкестігіне қарай қойып шығуы керек.


Мысалы: қоян - сәбіз, ит - сүйек, ешкі - орамжапырақ, тауық - дән, мысық –сүт

Сергіту жаттығуы:

Алма баққа барайық,

Алма жинап алайық,

Ең үлкенін дәмдісін,

Әжемізге сыйлайық.

(Ж) 3-тапсырмада оқушылар жүппен жұмыс істейді. Олар бір-біріне «Сен ертегі білесің бе?» деген сұрақты қояды.


Оқушылар өз калауы бойынша жауап береді. Егер
оқушы «Иә, білемін» деп жауап берсе, бірінші оқушы«Қандай ертегі білесің?» деген сұрақ қоя алады.
Негізі оқушылар қазір екі ертегі біледі («Мақта қыз бен мысық», «Не дәмді?»). Сондықтан олар өздері қалаған бір ертегіні
атай алады.

(МК, Ұ) 4-тапсырмада окушылар ертегі кейіпкерлері сияқты өздері үшін ең дәмді не екенін айта алады.

(МК, Ұ) Мұғалім і дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің і дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды і
дыбысымен және оның әрпімен таныстырады.
Ауциодискіден і дыбысының айтылуын және і дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға і дыбысын айтқан кезде
тілдің, жақтың, еріннің қатысы болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттыктырады.
Мәселен, тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі. Сондай-ақ дауысты дыбыстардың
жуан, жіңішке айтылуын жуан, жіңішке дауыстыларды салыстыра беру арқылы жаттықтыруға болады.
Мәселен:
ы-і.

Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар і дыбысының дауысты


дыбыс екенімен танысады.

Мұғалім і дыбысы - дауысты дыбыс болғандыкган, оқулықта


қызыл түспен берілгенін түсіндіреді.

I дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

Алмалар


Не дәмді ертегісі ?


№2 дәптер







Сабақтың соңы

5 минут


Дифференцация: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: жуан жіңішке дуыстыларды салыстыра алады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар:

Дауысты дыбыс екенін біледі.



Рефлексия

Сабақта не түсініксіз болды?

Қандай қиындықтар кездесті?

Келесі сабақта қандай кейіпкер жайында білгілерің келеді?




Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Мұғалім:- Керемет жұмыс істедің!

Жақсы жұмыс істедіңдер! Т.б


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ




1-сынып. ІІI тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау

Күні _________________

Аты-жөні__________________________________________

Тақырып: Не дәмді?

Оқу бағдарла масына сілтеме

Оқу мақсаты







Бағалау бойынша ұсыныс

5.2 Орфографиялық нормаларды сақтау

1.5.2.1.Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.





Тапсырма; Сөздерді оқып жуан дауыстылардың астына бір, жіңішке дауыстыларға екі сызықтан сызыңдар. Піл, кітап, ірімшік, екі, бірі ыдыс, жапырақ, сиыр, сағыз, Інжу.


Жетістік критерийлері

Әріп пен дыбысты ажырата біледі,төл дыбыстарды дұрыс оқиды;

Дескриптор

Сөздерді қатесіз оқиды;

Жуан жіңішке дауыстыларды ажырата алады.




Дағдылар

Оқушы оқыту мақсатына «жетті», себебі:

Тілді қолдану










Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет