Сабақтың тақырыбы: Негізгі генетикалық ұғымдар. Мендель заңы және оның тәжірибелері



Дата02.07.2018
өлшемі2,78 Mb.
#45472
түріСабақ
  • Биология
  • 9 сынып
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Негізгі генетикалық ұғымдар.
  • Мендель заңы және оның тәжірибелері
  • Сабақтың мақсаты:
  • -Генетика тұқым қуалау белгілерінің заңдылықтарының  және олардың өзгергіштігін зерттецтін ғылым екендігі туралы ұосымша мәліметтер бере отырып, генетика ұғымы туралы толық мағлұматтар беру. Осының негізінде оқушыларға генетика ғылымы жайлы жаңа ұғымдармен таныстыру.
  • - Генетика ұғымын толық меңгеруде Мендель заңдылықтарын тәжірибе жүзінде көрсете отырып, теориялық білімдерін бекіту.
  • - Ұрпақтар тазалығын салауатты өмір салтын насихаттай отырып қазақ халқының салт дәстүрін  әдеп-ғұрпын қастерлеуге  тәрбиелеу.
  • Топтық жұмыс
  • І топ
  • Генетиканың қысқаша даму тарихы
  • ІІ топ
  • Негізгі генетикалық ұғымдар
  • ІІІ топ
  • Мендельдің гибридологиялық әдісі
  • Г Е Н Е Т И К А
  • Тұқымқуалаушылық
  • Өзгергіштік
  • Организмдердің өз белгілері мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін ұрпақтарына беру қабілеті
  • Организмдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы

Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен  өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. (грекше “genetіkos” — шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды.

  • Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен  өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. (грекше “genetіkos” — шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды.
  • Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың
  • үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады.
  • Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол
  • арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен
  • қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп  отырады. Басқаша
  • айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас
  • болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік
  • жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей
  • біршама тұрақты түрде берілетіндіктен ұрпағы ата-аналарына
  • ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық
  • ұқсастық болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың
  • бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады
  • Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының  әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны — өзгергіштік  дейді. Көбею барысында организмнің белгілі бір қасиеттерінің тұрақты сақталуымен қатар, екінші біреуі өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты олар жаңарып, түрлене түседі. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік — бірімен-бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер.
  • Генетика ілімін зерттеген ғалымдар
  • Ежелгі дәуірде ХІХ ғасырда
  • Демокрит У.Бэтсон
  • Гиппократ Ч.Дарвин
  • Платон В.Иогансен
  • Аристотель Т.Морган мен Г.Мендель
  • Де Фриз , К .Коренс
  • Э.Чермак – Зейзенегг
  • Генетика ілімін
  • зерттеген ғалымдар
  • (ежелгі дәуірде)
  • Аристотель
  • Демокрит
  • Платон
  • Гиппократ
  • Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші  жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1865 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің “Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер” деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері  арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырады. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл  бойы көпшілік биологтарға, соның ішінде Ч.Дарвинге де белгісіз күйде қалды.
  • З
  • Г. Мендель ( 1822 – 1884 )
  • Ой қозғау
  • Халық санасындағы ұрпақтың сау болуы, «қан тазалығы», «жеті ата»,«тектілік» деген ұғымдардың мәні неде?
  • Тектілік-адам бойындағы асыл қасиеттердің, парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани сабақтастықпен берілуі. Тектілік құбылысы жақсы адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, ділдік, психологиялық т.б. Бейімділіктері болуға тиістілігін көрсетеді. Тектілік гендік түрде берілетін қасиет қана емес. Нағыз тектілік сыпайылықтан, кешірімпаздықтан, мейірбандықтан көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей , шеттетпей биіктеуге мүмкіндік береді.
  • Ұғымдар
  • Анықтамасы, сипаттамасы
  • Тұқымқуалаушылық
  • Өзгергіштік
  • Гомозигота
  • Гетерозигота
  • Аллельді гендер
  • Генотип
  • Фенотип
  • А)гомологтік хромосомалардағы аллельді гендер әртүрлі;
  • Ә)гомологтік хромосомалардағы аллельді гендер біркелкі;
  • Б)организмдердің ұқсастықтары мен өзгешеліктерінің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, сақталуын қамтамасыз етеді;
  • В)организмнің жаңа белгілеріне ие болу қасиеті;
  • Г)гомологтік хромосомалардың бірдей үлескілеріне орналасып, нақты бір белгілерді анықтайтын жұп гендер;
  • Ғ)организмнің ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы;
  • Д)организмнің барлық гендерінің жиынтығы;
  • Жеке жұмыс
  • Сәйкестігін табыңдар
  • Кейінгі оқу:
  • “Г.Мендельдің еңбегі” реферат дайындау
  • САУ
  • БОЛЫҢЫЗДАР!!!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет