Талдау
|
Мақалды жатқа жазады.
«Өлең жолдарын толықтырып жаз»
Оқушылардың білімін анықтау үшін берілген тест
ІІІ топқа жеке беріледі.
|
19-жаттығу
Етістіктің астын сызады,қай түрі екенін анықтайды.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Ітоп. Қара көзің мөлдіреп
Қызықтырмай қоймайды
Жібек жүнің үлбіреп
Қарасам көз тоймайды
ІІ топ.Бұлт ыдырап тарады.
Жел тез қуып барады.
Көк түтінді қақ жарып,
Күн күлімдеп қарады.
ІІІ топ
Жаңбыр кеп жауады,
Тамшылар тамады.
Жапырақ жылайды,
Жардан су құлайды.
І топ
1.Етістік нені білдіреді?
А)заттың атын білдіреді
Ә)заттың санын білдіреді
Б)заттың сынын білдіреді
В)заттың іс-қимылын білдіреді
2.Туынды зат есімді тап
А)асхана,терезе
Ә)домбыра,орындық
Б)ұшқыш,ғарышкер
В)кезекші,сынып
3.Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаны көрсет.
А)жұрнақ
Ә)көптік жалғау
Б)жалғау
В)тәуелдік жалғау
4.Мына сөздерге жалғанатын жалғауды тап.
Аудан,толқын,ақын,қауын
А)-тар
Ә)-тер
Б)-дар
В)-дер
5.Дара етістікті тап.
А)кел,айтып берді
Ә)гүлдеп тұр,келмеді
Б)көр,бер,шегеле
В)оқығыш келеді,тазала
ІІ топ
1.Күрделі етістікті тап.
А)зулады
Ә)сөйле,ойнап жүр
Б)әңгімелесіп отыр,бара жатыр
В)келмекпіз,басқарып тұр
2.Мына сөздерге жалғанатын жалғауды тап.
Бота,қозы,аға,тау
А)-лар
Ә)-лер
Б)-дар
В)-дер
3.Тәуелділік жалғауы бар сөзді тап.
Әупілдектің балапандары қомағай келеді.
А)әупілдектің
Ә)балапандары
Б)қомағай
В)келеді
4.Кім?сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
А)арқар,күшік
Ә)ата,нағашы
Б)жілік,тігінші
В)Айнаш,кілем
5.Зат есім заттың несін білдіреді?
А)санын білдіреді
Ә)сынын білдіреді
Б)іс-қимылын білдіреді
В)атын білдіреді
ІІІ топ
1.Негізгі етістікті тап.
А)бер,қолда
Ә)баста,тазала
Б)тұр,бар,қал
В)жөнде,желбіре
2.Нелер?сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
А)өнерпаздар,қауындар
Ә)бишілер,әндер
Б)қалалар,көпірлер
В)жүгерілер,сауыншылар
3.Туынды етістікті тап.
А)тұздады,оқы
Ә)қолда,ал
Б)сана,тағала
В)бағала,жүр
4.Зат есімнің көптік жалғауларын көрсет.
А)-ның,-нің,-дар,-дер,-ің,-іңіз
Ә)-ым,-ың,-лар,-лер,-дың,-дің
Б)-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер
В)-мың,-сың,-сіз,-тар,-тер
5.Не?сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
А)іскер,дала
Ә)кірпіш,қарға
Б)шахтер,көпір
В)күрішші,көлшік
|