Сабақтың тақырыбы Нейрондардың түрлері мен қызметтері. Жүйке ұлпасының қызметі. Синапстар және медиаторлар



бет9/10
Дата06.02.2022
өлшемі132,32 Kb.
#80407
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
биология ашық сабақ 9 сынып










































1.Жүйке жүйесінің атқаратын қызметі:
А. Қоректік заттарды тасымалдайды.
Ә. Гуморальдік реттелуді жүзеге асырады.
Б. Ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады.
В. Мүшелерді қорекпен қамтамасыз етеді.
2. Жүйке жүйесі жүйке жасушасынан тұрады, ол қалай аталады?
А. Аксон Ә. Нейрон Б. Дендрит В. Медиатор
3. Атқаратын қызметі бойынша жүйке жүйесі бөлінеді:
А. Соматикалық және вегетативтік (автономиялық)
Ә. Симпатикалық және парасимпатикалық
Б. Орталық және симпатикалық
В. Шеткі және соматикалық
4. Жүйке жасушасының ұзын өсіндісі:
А. Шоқтар Ә. Аксон Б. Талшық В. Дендрит
5. Сұр зат неден құралған?
А. Нейрон денелерінің жиынтығы Б. Нейронның ұзын өсінділерінің жиынтығы
Ә. Жүйке талшықтары В. Мидың тамырлы қабықшасы
6. Жүйке – бұл:
А. Орталық жүйке жүйесі маңындағы жүйке талшықтарының шоғы
Ә. Бір нейронның аксоны
Б. Нейрон денелерінің жиынтығы
В. Жұлынның өткізгіш жолы
7. Рецептордың қызметі:
А. Орталық жүйке жүйесінен қозуды жұмыс істеген мүшеге өткізеді
Ә. Тітіркендіруді қабылдайды
Б. Қозуды сезгіш нейрондардан қимыл нейрондарына жібереді
В. Қозуды сезгіш нейрондардан қондырмалы нейрондарға жібереді
8. Синапс:
А. Жүйке жасушаларының бір-бірімен немесе ұлпалармен тоғысуы
Ә. Жүйке импульстарының әсерінен бөлінетін зат
Б. Сезімтал жүйке талшықтарының аяқталуы
В. Жасушаның «энергетикалық станциясы»
9. Жүйке жасушасының қасиеті:
А. Қозғыштық және жиырылғыштық Б. Жиырылғыштық
Ә. Қозғыштық және өткізгіштік
В. Тек қана қозғыштық
10. Рефлекс – бұл:
А. Жүйке қозуының қабылданатын және жұмыс істейтін мүшеге жіберетін рөлі
Ә. Организмнің тітіркенуге жүйке жүйесі арқылы жауап қайтару реакциясы
Б. Қозудың сезгіш нейрондардан қимыл нейрондарына өтуі
В. Қозудың жұмыс істейтін мүшелерге жеткізілуі
А деңгейі
«нейрон», «синапс», «медиаторлар», «аксон» және «дендрит» деген терминдерге анықтама беріңдер.
В деңгейі
Жүйке жүйесінің құрылымдық бөліктерін атап,олардың қызметтерін анықтаңыз.

A аксон
B дендрит
C нейрон
D нейроглия



1.Бөліп шығару
2.Жиырылу
3.Қоректену
4.Қозу




Дескриптор

  • Жүйке жүйесінің құрылымдық бөліктерін анықтайды

  • Жүйке жүйесінің қызметін атайды

3-Тапсырма. «Құрылысшы ойыны»
С деңгейі
жүйке ұлпалары мен оның құрылымдық бөліктерінің сызбанұсқасын құрастыр немесе салыңыз
Дескриптор

  1. Нейронның құрылысын толықтырады.

  2. Құрам бөліктерін түсіндіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет