Оқушылар 6-7-8 сыныптан ұлпалар туралы түсінігі бар. Түрлерін ажырата алады,құрылыс ерекшеліктерін біледі.
7.1.7.3 Жүйке жасушасының компонеттерін анықтау
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
1.Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық ахуал орнату «Биографиялық поэма» әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы мынандай сауалдарға жауап беру тапсырылады:
Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз)
Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз).
Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз, ұраныңыз)
Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз)
Жұпқа бөлу: түстер бойынша «қызыл» және «жасыл»
Сабақтың тақырыбымен таныстырып өтемін: Нейрондардың түрлері мен қызметтері. Жүйке ұлпасының қызметі. Синапстар және медиаторлар.
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатын аңықтайды.
Сабақ мақсаты: 1. жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату
2. жүйке ұлпалары мен оның құрылымдық бөліктерінің қызметтерін талдау.