|
Сабақ :
|
Мектеп: №9
|
|
|
Күні: 29.01.2020
|
Мұғалім: Умиралиева Айдын Абдановна.
|
|
|
Сынып: 8 «А»
|
Қатысқан оқушылар саны: 13 Қатыспағандар:
|
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Неліктен Апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?
|
|
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
7.1.1.3 еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау;
7.2.1.2 миссионерліктің міндеттерін анықтау;
|
|
|
Бағалау критерийлері
|
Тыңдалым материалының негізгі мазмұнын түсінеді;
Ақпараттың өзектілігін анықтай алады;
Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді;
Өз пікірін өзге пікірімен салыстыра алады;
|
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Пән лексикасы және терминология:
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Қажетті сөздер: белгілі, дүниеге келдім, тәмамдаған, қабылданып, қызмет ету, үлкен өмір.
|
|
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақстан тарих
|
|
|
Мектеп құндылықтары
|
Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды.
|
|
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.
|
|
|
Жоспар
|
|
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
|
|
3 минут
15 минут
|
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқылымалды тапсырма.
Сынып топтарға бөлінеді.
Өткенді қайталау. Сұрақ- жауап
1. Қытай елі.
• Қытайда маньжурлік Цин әулетінің үстемдігінің орнауына не себеп болды? /17ғасырдың 30-40 жылдарындағы дағдарыс/
• Цин империясы мемлекеттік құрылысын қалай жүргізді? /Қытай елінің үлгісімен жүргізді./
Цин империясында императордың жеке басы қалай дәріптелді?
Ағылшындардың Қытаймен жүргізген соғыстары неліктен «апиын соғыстары» деп аталды?
Тяньцзинь келісімдеріне Қытаймен қандай мемлекеттер қол қойды?
Тайпиндер соғысының жеңілу себептері?
«Өзін-өзі күшейту саясатын» кімдер жүргізді, ол немен аяқталды?
Реформаның «жүз күні» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сунь Ятсеннің қызметі және оның құрған саяси ұйымы туралы айтыңдар
Ихетундар кімдерге қарсы шықты?
|
|
|
|
Сабақтың ортасы
15 минут
5 минут
|
Оқылым тапсырмасы.
“Апиын” соғыстары – Батыс Еуропа елдерінің Қытайға қарсы жүргізген соғыстары. Бірінші “апиын” соғысы 1840 – 42 жылдары болды. Соғысты Англия бастап, Қытайды тәуелді елге айналдыру мақсатын көздеді. 1840 жылы маусым айында басталған соғыстың сылтауы ағылшын отаршыларының контрабандалық жолмен сауда жүргізіп тұрған апиындарын 1839 жылы Қытайдың үкімет комиссары Линь Цзэ-сюйдің жоюы болды. Ағылшын және Қытай әскери кемелерінің арасындағы қарулы қақтығыстар 1839 жылдың соңында-ақ басталып кеткен еді. 1842 жылы ағылшындар Сянган (Гонконг) аралын, Динхай, Нинбо, Сямынь, Шанхай, Чжэньцзян қалаларын басып алды және 1842 жылы тамызда Нанкингетаяп келді. Қытай халқы басқыншыларға қатты қарсылық көрсетті (Гуандуньдегі шаруалар қозғалысы). Алайда Цинь үкіметі елді қорғауды ұйымдастыруда қабілетсіздік танытып, халықтың қолдауын пайдалана алмады. 1842 жылы 29 тамызда Нанкин бітіміне қол қойылды. Екінші “апиын” соғысына (1856 – 60 жылдары) Англиямен бірге Франция да қатысты. Қытайдағы азамат соғысын (Тайпиндер көтерілісі) пайдаланып, Англия 1856 жылы Гуанчжоу ауданында әскери қимылдарын бастады. 1857 жылдың басында оған Францияқосылды. 1858 жылы әскери қимылдар астаналық Ужили провинциясының аумағына ауысты. 1858 жылы мамырда ағылшын-француз армиясы Дагу портын басып алып, Тянь-цзиньмен Пекинге қауіп төндірді. Қытай үкіметі Англия және Франциямен кіріптарлық шарт жасасуға мәжбүр болды. Бір жылдан кейін Қытайдан жаңа жеңілдіктер алу мақсатымен Англиямен Франция соғыс қимылдарын қайта бастады. 1860 жылы тамызда ағылшын-француз әскерлері Тяньцзиньді, қазанда Пекинді басып алды. Қытай үкіметіне жаңа кіріптарлық шарттар таңылды “Апиын” соғыстары Қытайдың жартылай отарға айналуындағы маңызды кезең болды. [1]Тірек-сызба арқылы түсіндіру.
Бағалау критерийі:
Тапсырманы орындайды;
Тапсырманың мазмұн жүйелілігін сақтайды.
|
http://kitap.kz/reader/ushqan_uya (1-7-бет)
|
|
|
Сабақтың соңы Рефлексия
3 минут
|
Цин империясында императордың жеке басы қалай дәріптелді?
Ағылшындардың Қытаймен жүргізген соғыстары неліктен «апиын соғыстары» деп аталды?
Тяньцзинь келісімдеріне Қытаймен қандай мемлекеттер қол қойды?
Тайпиндер соғысының жеңілу себептері?
Рефлексия.
Оқушылар өздеріне қиық қағазға жазылып үлестірілген одағайды қиып, үш топқа бөліп, тиісті қорапшаларға салады.
|
|
|