Сабақтың тақырыбы: Несіпбек Айтұлы «Бәйтерек»


Ақын қолданысындағы айшықтаудың түрлерін сәйкестендіріңіз



бет4/5
Дата25.04.2023
өлшемі2,35 Mb.
#175406
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Көркемдегіш құралдары талданған

Ақын қолданысындағы айшықтаудың түрлерін сәйкестендіріңіз .
Өзіңді тексер!

Ошақтың үш бұтындай үшкіл, қазақ,
Ел болып еңсе көтер, күш қыл, қазақ.
Сиырдың бүйрегіндей бытырасаң,
Қашанда көрер күнің мүшкіл, қазақ!

Аллитерация

Көсемге көштің түсер салмағы бар,
Көк толқын кеме жүзсе қақ жарылар.
Көреген, қол бастаған дара батыр,
Көкжалдай мұз төсеніп, қар жамылар.

Ассонанс

Ұлтының табанынан ызғар өтсе,
Ұлтарақ, ұлтаны да болуға бар!

Эпифора

Символ - суреткер сомдаған кермек туындының түпнегізін төркіндеттіретін аса мәнді өзектердің бірлігінен, тектестігінен туындайтын деректі бейне.[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Абай орыс және Еуропа әдебиеттерінің классик. үлгілерін сіңістірді. Оның М. Ю. Лермонтовтан аударған «Жалау» атты өлеңінде албырт жанның алып ұшқан ынтызарлығын мәңгі бұрқанған дүлей теңіздің тылсым сырымен үндестіреді. Осы әралуан құбылыстың - адам табиғаты мен дүлей табиғаттың өзектестігі дәл сол кек теңіздің бетінде асау толқынмен арпалысқан «жалғыз жалаудың» символдық бейнесі ретінде көрініс тапқан.
«Ойнақтап толқын, жел гулеп, Майысар діңгек сықырлап, Ол жүрген жоқ бақ іздеп, Кашпайды бақтан бойды ұрлап». Осы секілді сәйкестік жүйелерін Абайдың басқа өлендерінен де ұшыратуға болады. «Жартас» атты аударма өлеңінде кәрі жартасты мешеу қарт бейнесінде, оның басына қонып кетіп тұратын ұшпа бұлтты таңсығы басылмаған жас қыз бейнесінде суреттеп, сол табиғат құбылысы мен адам мінезінің құбылмалық сипатын ортақ С-мен белгіледі. Ал өзінің «Сегіз аяқ» өлеңінде: «Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Онан да шықты жаңғырық, Естісем үнін, Білсем деп жөнін, Көп іздедім каңғырып. - Баяғы жартас - бір жартас, «Қаңқ» етер, түкті байқамас», - деп жартас бейнесін жалаң табиғат көрінісі емес, адам мен табиғатқа ортақ қоғамдалған шындықтың деректі бейнесі ретінде суреттеді. Жалпы Абай өлеңдерінде Символдау тәсілін қүбылыстардың егіздеуіне, ішкі сәйкес тіктер жүйесіне орайластыра қолданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет