Сабақтың тақырыбы: Ньютонның III заңы. Салыстырмалылық принципі Сабақтың мақсаты



Дата04.08.2017
өлшемі88,35 Kb.
#22657
түріСабақ
Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ньютонның III заңы. Салыстырмалылық принципі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын күштердің табиғатын

және салыстырмалық принциптің мәнін түсіндіру



Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге, өзін ұйымдастыра

білуге баулу

Дамытушылық: Сабақ жадығатын талдау барысында оқушылардың монологтық және

диалогтық сөйлеу мәдениетін дамытуға күш салу, топтық жұмыстар

кезінде өзгенің пікірін сыйлау, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу

машығын дамытуға жағдай жасау

Сабақтың көрнекілігі: Диагностикалық карталар, демонстрациялық

тәжірибелер көрсетуге арналған приборлар, портреттер
Тәжірибелер: 1. Ньютонның 3- ші заңы

2. Салыстырмалық принципі



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: 1. Ньютонның 3 – ші заңын көрсетуге арналған гантель,білеуше-2, ат пен арба

суреті
2. Вагон ішіндегі қозғалысты бақылау сурет



Сабақ жоспары


  • “Миға шабуыл” сұрақтарға жауап беру;

  • Түсіну, талдау, салыстыру, сараптама жасау;

  • Деңгейлік тапсырма есеп шығару арқылы білімді жүйелеу; 

  • Рефлексия. Өзіндік бағалау. 





Кезеңі


Ұзақтығы, мин.


Оқыту түрі мен әдісі

Үй жұмысын тексеру оқушылардың білімін белсендіру, (актуализация)

10


Жалпы сұрақ-жауап

Сабақтың мақсатын қою, жаңа тақырыпты ашу



Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі туындайтын күштердің табиғаты.
Галилейдің салыстырмалы принципінің мәнісі неде?

Жаңа материалды игеру


15

Мұғалімнің әңгімесі, оқушылармен сұқбаттасу, тәжрибелер көрсету,


Оқылған материалды бекіту

10

Тақтада есеп шығарып, оның кезеңдерін талдау

Сабақты қорыту

5

Бағалау, үйге тапсырма, т.б хабарламалар.




Сабақтың барысы


Бөлімі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Білім

I.Ұйымдастыру

Тыңдайды




Бағалау жүйесімен таныстырады. Диагностикалық картаға өз фамилияңды жаз. Сабақ бөлімдеріндегі тапсырманы орындаған оқушы диагностикалық картаға өзіне тиісті ұпайын қойып отырады. Оқушыларға таратылады.




Денгейі

баға

ұпай

жоғары

«5»

21-42

жеткілікті


«4»

10- 20

ауытку

«3»

2 - 9

төмен

«2»

0-1









1. Үй тапсырмасымен жұмыс







Бақылау сұрақтары
Үйге берілген тақырыпты қайталау

Оқулықтары мен дәптерлерін дайындайды.
Сұрақтарға жауап береді






Күш дегеніміз не?

Күштің белгіленуін,

өлшем бірлігін білу






Ауырлық, серпімділік, үйкеліс күшінің формуласы қандай

Мысал келтіреді, формуласын жазады, анықтамасын айтады.




Күш пен үдеудің арасында қандай байланыс бар?

Анықтамасын айтады, формуласын жазады




Ньютонның екінші заңы қалай тұжырымдалады?

Формуласын, анықтамасын жазады




Массаның қасиетері қандай?

Анықтамасын айтады




ІІ. Жаңа сабақ







(Проблемалық ситуация)
Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі туындайтын күштердің табиғаты.
Галилейдің салыстырмалы принципінің мәнісі неде?

INSERT кестесін толтыру, өз ойларын айту;




Бүгінгі сабағымызда Ньютонның үшінші заңы. Салыстырмалық принципі тақырыптарын қарастырамыз 




Түсіну

Күш деп бір дененің екінші денеге әрекетінің қарқынын сипаттайтын шаманы айтамыз. Денелердің арасындағы өзара әрекеттесу: түйіскен (жалғасқан) және өріс арқылы жүзеге асырылады.

Денелер өзара әрекеттескенде, бір – біріне қарама – қарсы бағытталған екі күш – әрекет және қарсы әрекет күштері пайда болады.



Адам көтерген гантельге күшпен, ал гантельге күшпен әрекет етеді ( 47 – сурет)



Оқушылар өз сөздерімен білгендерінше жауап береді





Ньютонның III заңы

Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады.

Денелердің бір – біріне әрекет етушә күштерә модулі бойынша өзара тең және бағыттары жағынан қарама – қарсы



жақсы түсінгендер және белсенді қатысып отырғандар өздеріңе 2-4 ұпай жазады








Тірекке жатқан денеге ауырлық күші, және үстел тарапынан ол күшкке қарама – қарсы бағытталған серпімділік күші әрекет етеді. , бұл күштердің табиғаты әр түрлі болғандықтан «әрекет» және «қарсы әрекет» күштері болмайды (48, а-сурет)
Дененің тірекпен әрекеттесуін сипаттайды: тіректің реакция күші модулі бойынша дененің тіректі қысып басатын күшіне, яғни салмағына тең (48,ә – сурет)





Механиканың ең мағызды принциптерінің қатарына Г. Галилей тұжырымдаған салыстырмалық принциптері жатады .Кейінірек И. Ньютон оны механиканың басқа заңдарының жүйесіне енгізді. XX ғасырдың басында А. Энштейін осы принцип негізінде салыстырмалықтың жаңа теориясын қалады.

Галилейдің салыстырмалы принципіне сәйкес барлық инерциялық санақ жүйелеріндегі механикалық құбылыстар бірдей жүреді.






Қолдану

III. Есептер шығару

Деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

  1. 90Н күш денеге 1,2 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 3 м/с2 үдеу бере алады

  2. Массасы 4 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 2 м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әсер еткенде, ол қандай үдеу алады?

  3. Массасы 5 кг дене 15 м/с2 үдеумен вертикаль құлауы үшін оған қандай күш әсер етуі керек?

II деңгей

  1. Массасы 50 кг хоккейші массасы 2 кг шарды өзінен

20 Н күшпен итереді. Бұл кезде адам мен шар қандай үдеу алады?

  1. Екі кісі арқанды қарама – қарсы бағытта әрқайсысы

100 Н күшпен тартады. Егер арқан 190 Н керілуге шыдайтын болса, онда оның үзілуі мүмкін бе?

III деңгей

  1. Егер екі адам 120 Н күшпен екі жаққа керіп тартса,

150 Н кері күшке шыдайтын арқан үзіле ме?

  1. Лифт табанында массасы 20 кг жүк жатыр. Лифт 2 м/с2 үдеумен жоғары қарай қозғалады. Жүктің лифт табанына түсіретін күшін анықтаңдар.



Әр оқушы өзінің деңгейі бойынша формулаларды тауып, есептеп шығарады, түсіндіреді




ІV. Оқушыларды сабаққа қатысу картасы б/ша бағалау.







Үиге тапсырма: § 13, 14 № 11 жат. 1,2,3,4,5




Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет