ІІ нұсқа
А тобы
1. 15 пен 18 сандарының ең кіші ортақ еселігін табыңдар.
2. Амалдарды орындаңдар: 306:18+103*23-1636.
В тобы
3. 108 санына бөлгіш, 9-ға еслік болатын ең үлкен санды табыңдар.
4. а) 392+63 қосындысы 9-ға бөліне ме, әлде 7-ге бөліне ме?
ә) 84*114 көбейтіндісі 3-ке бөліне ме, әлде 17-ға бөліне ме?
5. 6А және 6Б-сынып оқушылары алма терді. Сыныптардың әрқайсысынан алма теруге қатысқан оқушылар саны бірдей. 6А-сынып оқушылары 252 кг алма терсе, 6Б-сынып оқушылары 105 кг алма терді. Сыныптардың әрқайсысынан алма теруге неш оқушыдан қатысты?
С тобы
6. Көктемде 5А және 5Б-сынып оқушылары ағаш көшеттерін отырғызды. Сыныптағы әрбір оқушының отырғызған көшет саны бірдей. 5А-сынып оқушылары 273 түп ағаш отырғызса, 5Б-сынып оқушылары 260 түп ағаш көшеттерін отырғызды. Сыныптағы әрбір оқушы неше ағаш көшетін отырғызды?
Достарыңызбен бөлісу: |