5-сынып. Математика.
Бақылау жұмысы №5
" Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселік"
Мақсаты: оқушылардың ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселік тақырыптары бойынша дағдыларын бағалау, тексеру.
Бағалау: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонымен қатар С тобының есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.
І нұсқа
А тобы
1. 18 бен 12 сандарының ең кіші ортақ еселігін табыңдар.
2. Амалдарды орындаңдар: 351:13+106·21-1375.
В тобы
3. Санның ЕҮОБ – ін табыңдар: 1) 18 бен 24; 2) 36 мен 42.
4. Велосипедші бірінші күні 65 км, екінші күні 39 км жол жүрді. Велосипедші барлық уақытта тұрақты жылдамдықпен жүргенде екі күнде неше сағат жол жүрді?
С тобы
5. 110 қызыл, 99 ақ және 143 сары гүлдерден гүл шоқтары дайындалоды. Егер гүл шоқтарының әрқасысында әрбір түсті гүлдер санын бірдей етіп дайындау керек болса, неше гүл шоғы дайындалды?
Достарыңызбен бөлісу: |