Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер Орындаған: Н. Сағынаев 2015 2016 оқу жылы



Дата25.08.2017
өлшемі43,51 Kb.
#26959
түріСабақ
Т.Жүргенов атындағы орта мектебі



Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер

Орындаған: Н.Сағынаев

2015 – 2016 оқу жылы

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2016 ж ____________________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер

Сабақтың мақсаты: Жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушыларға білім беру.

Білімділік: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Дамытушылық: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа,шапшаңдыққа, адамгершілікке,

тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі

Сабақтың көрнекілігі: : интерактивті тақта, компьютер, плакат, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі

2) Үй тапсырмасын тексеру

3) жаңа сабақ түсіндіру

4) Жаңа сабақты бекіту

5) Қорытындылау

6) Үйге тапсырма

7) Бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды түгелдеу

2. Кезекші мәліметі.

3. Оқушылардың назарын сбаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Үйге берген тапсырманы «Лото» арқылы сұрау.

2. Тәжірибелік жұмыс.

Жаңа сабақ түсіндіру:

Сендер WordPad мәтіндік редакторындағы тізімдермен бұған дейін де таныстыңдар. Бұл редакторда батырмасымен таңбаланған тізім құра алатын едіңдер. Осындай батырма MS Word процессорында дабар, ол жолақтың Басты тіркеме парағында орналасқан.

Маркерленген тізім

Маркерленген тізім батырмасының төмен жазылатын мәзірінде тізім үшін қажетті, өздеріңе қатты ұнайтын маркер түрін таңдауға болады. Өз тізімдеріңді құру үшін Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдауларың керек.

Егер сендерге ұсынылған үлгілердің ешқайсысы ұнамаса, онда маркерлердің кеңейтілген тізімдемесін шақыру үшін Символ немесе Сурет батырмасын басуға болады.

Мысалы, маркер ретінде белгісін қоюға болады. Қаріп батырмасы әріптің маркер үшін қажетті мөлшерін, түсін және басқа сипаттамаларын баптайды.

Нөмірленген тізім

Құжаттарда маркерленген тізімдер жиі кездесе бермейді. Тізімдердің ең кең тараған үлгісі – нөмірленген тізімдер.Бұл тізімде жолдар реттік 1, 2, 3 және т.с.с. сандардан басталады. Мұндай тізімді құру үшін әрбір жолдың басында нөмір терудің қажеті жоқ, мәзірдің Басты пунктінде орналасқан батырмасының көмегімен жолдардың автоматты түрде нөмірленуін тағайындау жеткілікті. Бұл батырма әрбір абзацтың басында тізбектелген сандарды қойып шығады. Яғни, Enter пернесін басу тізімінің келесі нөмірін шақырады. Тізімді аяқтау үшін Bacspace пернесімен артық нөмірді жойса, жеткілікті.

Маркерді таңдаған сияқты нөмірленген тізімнің жақшалары немесе нүктесі бар сандар мен әріптерден тұратын түрлерінің бірін таңдау мүмкіндіктерің де бар. Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығы нөмірленген тізімді қолмен баптау сұхбаттық терезесін шақырады.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Тізімдердің 2 түрін дайындаңдар: маркерленген және нөмірленген.

В деңгейі

Маркерленген тізім

  • Компьютерлік құралдар

  • Монитор

  • Пернетақта

  • Принтер

  • Программалық жабдықтама

  • Операциялық жүйелер

  • Қолданбалы программалар

  • Ақпараттық материалдар мен құжаттар

С деңгейі

Нөмірленген тізім

  1. Компьютерлік құралдар

  2. Монитор

  3. Пернетақта

  4. Принтер

  5. Программалық жабдықтама

  6. Операциялық жүйелер

  7. Қолданбалы программалар

  8. Ақпараттық материалдар мен құжаттар

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Тірек сызба

Сабақты қорытындылау: Тест жұмысы

Үйге тапсырма: Нөмірленген және маркерленген тізімдер

Бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет