Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Қоғам қалай дамиды?
Қоғамның қандай мүшесі болғың келеді?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
1-тапсырма:
Мәтінді оқып, ондағы басты ойды анықтайды.
|
Оқылым және айтылым.
Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтағанда баланың оқылым және айтылым қабілеті дамиды. Себебі мәтіннің басты ойын жеткізгенде мазмұндап үйренеді.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-Мәтінді оқиды.
-Мәтіндегі басты ойды анықтайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
|
2-тапсырма:
Оқылым мәтіні бойынша мәліметтерді анықтайды.
Өздері білетін мәліметтермен
толықтырады.
|
Мәтіннің қандай стильде жазылғанын,
Мәтіндегі маңызды сөйлемді,
Автор көзқарасын білдіретін сөйлемді және мәтіндегі терминдерді
анықтайды.
|
Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
-Мәтінді оқиды.
- Оқылым мәтіні бойынша мәліметтерді анықтайды.
-Өздері білетін мәліметтермен
толықтырады.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
|
3-тапсырма:
Екі пікірді салыстырады.
Төмендегі кесте бойынша дәптерлеріне әр
пікірге түсіндірме (комментарий) жазады.
|
Ә.Нысанбаев пен Н.Ә. Назарбаевтың пікірлеріне түсіндірме жазады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-Екі пікірді салыстырады.
- Төмендегі кесте бойынша дәптерлеріне әр
пікірге түсіндірме (комментарий) жазады.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|