Сабақтың тақырыбы Оқып-үйренудің негізгі мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі122,21 Kb.
#24262
түріСабақ

Ақтөбе облысы

Әйтеке би ауданы

Сарат орта мектебінің физика пәні мұғалімі

9 класқа арналған орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар

Кемалова Акнур Жумагалиевна


Физика 9. ОМЖ №1.(7 сағат)



Сабақтың тақырыбы

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмыстары

Оқып-үйренудің нәтижесі

Үйрену мақсатындағы бағаны қоса алғандағы бағалау

Негізгі дерек-көздер

Жалпы мақсаты: тізбектелген сабақтар топтамасында оқушылар қозғалыс, векторлар және оларға амалдар қолдану, вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары, түзусызықты теңайнымалы қозғалыс қисықсызықты қозғалыс туралы түсініктерін қалыптастырып, үдеу айналу периоды, айналу жиілігі деген физикалық шамалармен танысады, өз бетінше білім алып, есеп шығару дағдысы артады.

І тарау. Кинематика негіздері. 11 сағат

7

Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы.

Топтық жұмыс арқылы қисық сызықты қозғалыс, материялық нүктенің шеңбер бойымен қозғалысын меңгеру. Айналу периоды, айналу жиілігі деп аталатын физикалық шамалармен танысу.

Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру, ұжыммен ынтымақтаса жұмыс жасау, талантты, дарындылық қабілетін анықтау



Психологиялық тренинг «Молекула»

«Сұрақ-жауап» әдісі


Топқа бөлу «Санамақ»

Жұптық жұмыс «Сиқырлы қобдиша»

Топтық жұмыс «Жигсо»

Топтық жұмыс «Қарлы кесек»


Кері байланыс

Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады

Тест арқылы үй тапсырмасы тексеріледі

Топқа бөлінеді
Сұрақ қоюға дағдыланады

Тақырыпты өз бетінше меңгереді

Таныстырылым қорғайды, есеп шығару дағдысы қалыптасады

«ББҮ»



Үш шапалақ
Екі жұлдыз, бір тілек

Смайликтер



Электронды оқулық, слайд, тест, смайликтер

«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С. Кожагулова

Күні:


Сыныбы: 9

Пәні:физика



Сабақтың аты

§7. Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы.

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Топтық жұмыс арқылы қисық сызықты қозғалыс, материялық нүктенің шеңбер бойымен қозғалысын меңгеру. Айналу периоды, айналу жиілігі деп аталатын физикалық шамалармен танысу.

  • Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру, ұжыммен ынтымақтаса жұмыс жасау, талантты, дарындылық қабілетін анықтау

Күтілетін нәтиже

Топтық жұмыс арқылы қисық сызықты қозғалыс, материялық нүктенің шеңбер бойымен қозғалысын меңгереді. Айналу периоды, айналу жиілігі деп аталатын физикалық шамалармен танысады.

Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастырып, ұжыммен ынтымақтаса жұмыс жасап, талантты, дарындылық қабілеті анықталады.



Негізгі идеялар

Дененің қисық траектория бойымен қозғалысы қисықсызықты қозғалыс деп аталады. Дененің қисықсызықты қозғалысы, оның түзусызықты қозғалысы кезіндегі орын ауыстыру, жылдамдық және үдеу сияқты кинематикалық шамалар арқылы сипатталады. Дененің қисықсызықты траекториясының кез келген нүктесіндегі қозғалыс жылдамдығы траекторияның осы нүктесіне жүргізілген жанаманың бойымен бағытталады. Олай болса, қисықсызықты қозғалыс әрқашан айнымалы қозғалысқа жатады. Егер қозғалыс жылдамдығының модулі тұрақты болса, мұндай қозғалыс бірқалыпты қисықсызықты қозғалыс деп аталады. Шеңбер бойындағы бірқалыпты қозғалыста нүкте белгілі бір уақыт аралығында өзінің бастапқы орнына ауық-ауық қайта оралып отырады. Сондықтан нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттау үшін айналу периоды және айналу жиілігі деп аталатын шамалар енгізіледі.

Айналу периоды (T) деп нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақытын айтады, яғни T=t/n. Айналу периоды секундпен (с) өлшенеді.



Периодқа кері шама жиілік деп аталады. Ол 1с ішіндегі айналым санына тең, яғни 

немесе 

Тапсырмалар

Ұжымдық жұмыс «Сұрақ-жауап»

Тапсырмалар

Жаңа материалмен танысу

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Сиқырлы қобдиша» әдісі

Тапсырмалар

Топтық жұмыс «ЖИГСО»

Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Қарлы кесек»


Тапсырмалар

Кері байланыс «ББҮ»


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

Сәлемдесу

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу «Молекула» тренингі

Түгелдеу


Топқа бөлу (Санамақ арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Ұжымдық жұмыс. «Сұрақ-жауап»

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардан тест сұрақтары алынады.



ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі «Сиқырлы қобдиша»

  1. Қисықсызықты қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс?

  2. Шеңбер дегеніміз не?

  3. Период дегеніміз не?

ІҮ. Топтық жұмыс «ЖИГСО»

Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеру

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың мүшелері жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Топтық жұмыс «Қарлы кесек» әдісі

Есептер шығару постер қорғау

1-топ Қисықсызықты қозғалыс

№1. Жел двигателі доңғалағының айналу жиілігі 30 айн/мин, электр двигателінің якорінікі 1500 айн/мин, сеператор барабанының айналу жиілігі 8400 айн/мин, тегістеу станогінікі 96000 айн/мин. Олардың периодын есептеңдер.

2-топ Айналу периоды

№2. Корусель станогі платформасының айналу периоды 4с. Айналу осінен 2м қашықтықта орналасқан платформаның шеткі нүктелерінің жылдамдықтарын табыңдар.

3-топ Айналу жиілігі

№3. Ұшақтың ауа винтінің айналу жиілігі 1500 айн/мин, 180 км/сағ жылдамдықпен ұшқанда, 90 км жол бойында винт қанша айналым жасайды?


Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен және үш шапалақ мадақтаулары арқылы бағалау.
Кері байланыс (ББҮ)

Кейінгі тапсырмалар

Есеп №4. Айдың Жерді айналғандағы айналу жиілігін табыңдар. Айдың Жерді айналу периоды 27тәул 7 сағ 43 мин тең.

Кейінгі оқу

§7. Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет