Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
(Ұ) Әр тілде амандасу.
Оқушылар бір-бірімізбен әр тілде амандасып көрейікші.
-
Қазақша
-
Орысша
-
Ағылшынша
-
Қытайша
-
Жапонша
-
Жарайсыңдар!
-
(Ұ) Ойын: «Ойлан тап»
- Балалар біз сендермен ойын ойнаймыз. Ойын ережесі бойынша дөңгелене тұра қалып, мен сендерге доп лақтырамын, допты лақтырған кезде сұрақ қоямын, сендер допты ұстап алып, маған сұраққа жауап беріп, қайта лақтырасыңдар.
- Қазақ тілінде әріп бар?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дыбысты біз не істейміз?
- Әріпті біз не істейміз?
- Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?
- Дауыссыз дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?
Жарайсыңдар! Отыра қойындар.
|
Шаттық шеңбері
Доп
|
Сабақтың ортасы
|
(Ұ,МК) Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Балалар, біз сендермен көп әріптерді өттік. Ендеше, біз сендермен бір ойын ойнайық.
-
Мен сендерге интербелсенді тақтадан әріптер көрсетемін. Сендер сол әріпке байланысты сөзді қазақша, орысша,ағылшынша айтуларын қажет.
-
А,Ә,Б,М,Т,И т.б
-
Жарайсыңдар, өзімізге қол шапалақтайық!
(Ұ,МК) Тақырыпты ашу.
-
Балалар, мен сендерге бір бейне жазбаны көрсетем сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
-
Балалар, бейнежазбадан кімдерді көрдік?
-
Олар не істеп жүр?
-
Сайқымазақтар тағы қай жерде кездеседі?
-
Жарайсыңдар!
-
Цирк туралы не білесіңдер?
-
Циркте нелер болады?
-
Ендеше қазір цирк туралы бейне жазбаны көрейік.
-
Циркте тағы нелер болады екен? Сендер циркке барып көрдіңдер ме?
-
Жақсы, балалар!
-
Ал, балалар, цирк сөзі қандай әріптен басталған?
-
Ц әрпі.
-
Ц дыбысын бірге айтайықшы. Ц дауысты ма, дауыссыз ба?
-
Дауыс кедергісіне ұшырады ма?
-
Ендеше, біз бүгін қандай әріп өтеміз?
-
Ц дыбысын және әрпін.
-
Ал сайқымазақтар бейнежазба не істеп жүр еді?
-
Ойнап жүр.
-
Ендеше біз бүгін Ц дыбысы мен әрпі және ойын ережесе дегеніміз не екенін білеміз.
-
Балалар, біз бүгін Ц дыбысы туралы не білеміз деп ойлайсыңдар?
-
Ал ойын туралы ше?
-
Жақсы ендеше, біз Ц дыбысын оқып тану, ажырата, жаза білуге үйренеміз және ойын ережесі дегеніміз не екенін білеміз.
(Ө) Дыбыстық талдау.
-
Балалар, тақтаға қарайықшы клоун өзінің доптарын жоғалтып алыпты.
-
Оған көмектесейікші.
-
Ендеше цирк сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
-
Цемент, концерт сөздеріне дыбыстық талдау жасайық.
-
Жарайсыңдар, клоун өзінің доптарын тауып алып мәз.
(Ұ) Тақтамен жұмыс.
- Ал, балалар, тақтадағы сөздерді тізбектеп оқып жіберейік.
- Жарайсыңдар!
- Ендеше, біз ц дыбысымен таныстық, оқып үйрендік.
- Енді, не істейміз деп ойлайсыңдар?
- Жақсы!
(Ө,МК) Дәптермен жұмыс
- Ендеше, ц дыбысын жазып үйренейік.
- Мені мұқият тыңдаймыз.
- Үлкен жолдың ортасынан жоғары қарай сәл көтеріп, оңға қарай бұрып, сәл ілмек салып, төменге қарай түсіреміз, қайтадан жоғары көтеріп, үстінен басып қайта төменге түсіресіңдер, оңға қарай сәл көтеріп, ілмек жасаймыз.
- Енді, дәптерімізге жазамыз.
- Алдымен жазбастан бұрын ауаға жазып көрейік.
- Ламинат тақтасына жазып көрейік.
- Жақсы, дәптермізді ашып, ц әрпін жазамыз. Орындықта түзу отырамыз. Қолымыз парта үстінде болсын. Дәптерімізді көлбеу қойып, жазамыз.
- Жақсы, балалар, ендеше, бір демалып алайық.
(Ұ) Сергіту сәті
(Т) Ойын: «Сөз құрастыр»
-
Балалар, біз ц әрпін жазып, оқып үйрендік.
-
Қазір біз ойын ойнаймыз. Ойын ережесі бойынша мен сендерге буындар беремін.Сендер мына буындардан сөздер құрастырасыңдар. Кейін ортаға шығып қорғайсыңдар.
-
Бұл топтық жұмыс болғандықтан, жұмысты бірге орындаймыз.
-
Құрастырған сөздерді оқыңдар.
-
Ц дыбысы сөздің қай жеріңде кездескен?
-
Жарайсыңдар!
(Ұ) Мәтінмен жұмыс
- Қане, оқулықты ашып, мәтінде тізбектеп оқып шығайық.
- Жарайсыңдар!
- Бұл ойын қалай аталады?
- Ойын ережесі деген не?
- Ол ойынның жүргізілу тәртібі ме?
- Жақсы!
(Ұ, МК) Ойын: «Асық ату»
- Балалар, бұл мәтінде балалар не істеді?
- Ойнады.
- Сендердің ойнағыларын келе ме?
- Ендеше, ортаға шығып «Асық ату» ойынын ойнайық.
- Алдымен ойынды кім бірінші бастайтынын біліп алайық.
- Менің қолымдағы сандықшадан бір асық таңдап алайық.
- Жақсы, ойын ережесі: балалар қолымыздағы асық сақа деп аталады. Осы сақамен дөңгелектің ішінде тұрған асықты атып түсіруіміз қажет.
- Ойынды бастайық.
- Жарайсыңдар!
(Ұ) Суретпен жұмыс.
- Балалар, біз қандай ойын ойнадық?
- Тақтаға қарайықшы, бұл ойындардың аты қандай екен?
- Жарайсыңдар!
(Ө)Карточкамен жұмыс
- Балалар, мен сендерге карточка беремін, карточкада берілген сөздерде әріптер түсіп қалған сол әріптерді жазуларын қажет.
- Сөздерді оқиық.
- Жарайыңдар!
|
Таныстырылым
Бейнежазба
Қызыл, көк жалаушалар
клоун суреті
сөздер
Ламинат тақтасы, маркер
Оқулық, дәптерлер.
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
(Ұ) Кері байланыс
- Балалар, біз сабақтың басында не істейміз деп айтып едік?
- Ц дыбысын танып, үйрендік пе?
- Ойын ережесі дегеніміз не екенін білдік пе?
- Ендеше, балалар, қарайықшы, мына сайқымазақтардың көңіл-күйін, біреуінің көңіл-күйі көтеріңкі, ал екіншісі мұңайып тұр.
- Сендердің көңіл-күйлерін қалай?
- Соған сәйкес сайқымазаққа доп сыйлаңдар.
- Жақсы, ендеше біздің сабағымыз аяқталды.
- Сау болыңдар!
|
Түрлі түсті қағаз
|