Д опты орнында тұрып бір қолымен қағып алу. Қолына доп тиісімен допты қысып ұстап, не денесіне жақындатуы не келесі әдісті қолдана алатындай бағытта қозғауы керек. Қолды бүгу- доптың ұшу жылдамдығының амортизациясы қызметін қамтамасыз етеді. Доп қолға тигенде қатты соғылмауы керек, сондықтан қолды ертерек бүгу керек. Бір қолмен допты қағып алу, екінші қолмен допты қағып алуға мүмкіндік жоқ болғанда немесе қағып алғаннан кейін бір қолмен тәсіл жасау керек болғанда қолданылады.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
Жаттығуларды орындау кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады;
Жоғарыдан бір қолмен допты дұрыс береді;
Бір қолмен төменнен допты дұрыс береді.
Сұраңыз: Жаттығулар орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?