Гранаттың құрылысы. РГД-5 жарықшақты қол гранаты тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.
Гранат корпусы жарылатын зарядтан тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай-ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Ол екі бөліктен (жоғары және төменгі) бөліктен тұрады.
Корпустың жоғарғы бөлігі қалпақша деп аталатын сыртқы қабықтан және қалпақшаның қосымша бетінен тұрады. Жоғарғы манжет арқылы тұтандырғышқа арналған түтікше жалғастырылған. Түтікше гранатқа тұтандырғышты жалғастыру және корпустағы жарылатын зарядты герметизациялау үшін қолданылады.
Корпустың төменгі бөлігі табан деп аталатын сыртқы қабықтан және табанның қосымша бетінен тұрады.
Жарылатын заряд корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған.