Гранат тұтандырғышы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол соққы механизмі мен тұтандырғыштан тұрады.
Соққы механизмі тұтандырғыштың капсюль-оталғышының тұтануына қызмет етеді. Ол соққы механизм түтігінен, жалғастырушы тығыннан, бағыттаушы шайбадан, ұрыстық серіппеден, соққыштан, соққыш шайбасынан, ағытқыш иінтірек пен сақиналы сақтандыратын мұрындықтан тұрады. Соққы механизм түтігі тұтандырғыштың барлық бөлшектерін жинауда негіз болып табылады. Жалғастырғыш тығын тұтандырғышты гранат корпусымен жалғастыруға арналған. Ол соққы механизм тетігінің төменгі жағына кигізілген.
Бағыттаушы шайба ұрыстық серіппенің жоғарғы ұшына арналған тіреу болып табылады және ол соққы жылжуын бағыттайды.Ол соққы механизм түтігінің жоғарғы бөлігінде бекітілген.
Ұрыстық серіппе капсюль-оталғышқа қыстыруға қажетті энергияны соққышқа хабарлау үшін арналған. Ол соққышқа кигізілген және өзінің жоғарғы ұшымен бағыттаушы шайбаға, ал төменгі ұшымен соққыш шайбасына тіреледі.Соққыш капсюль-оталғышты тұтандырып, қыстыруға арналған. Соққыш шайбасы соққыштың төменгі ұшына кигізіледі де, ұрыстық серіппенің төменгі ұшына тіреу болып табылады.