Сабақтың тақырыбы: Өлкенің тарихы, құрылуы және географиялық орны. Сабақтың мақсаты



Дата30.01.2017
өлшемі71,97 Kb.
#8341
түріСабақ
Күні: 3.12.2016

10 «а» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Өлкенің тарихы, құрылуы және географиялық орны.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Туған өлкеміздің құрылу тарихы, географиялық орны туралы баяндау.
б) Дамытушылық: Бұрынғы алған білімдерін дамыту, ойлау, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
в) Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге, қоршаған ортаны қорғауға шақыру.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік әдіс, репродуктивтік әдіс, іздену әдісі, баяндау.

Сабақ көрнекілігі: атлас, кескін карта.

Пән аралық байланыс: Тарих, география

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгелдеу. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

II. Жаңа сабақты түсіндіру

Темір ауданы уез ретінде 1869 жылы, Ақтөбе губерниясы 1921 жылы құрылған. Ақтөбе облысы шекарасы кенеюіне байланысты Темір Уезі болып қайта аталған. 1923 жылы уез таратылып, 1930 жылы қайта құрылған.Темір ауданы бүгінде 1972 жылы құрылды.

Аудан аумағының көлемі- 12,6мың ш км.

Тығыздығы – 1ш км-2,97 адам

Аудан халқы – 37500адам.2014ж

Этникалық құрамы: 97%-қазақтар, 3% -орыс, украин, шешен, татар,т.б ұлттар

Қалалық округ-1

Ауылдық округ-9

Елді мекен-25

  1. Темір қ.о

  2. Шұбарқұдық а.о

  3. Ақсай а.о

  4. Алтықарасу а.о

  5. Шығырлы а.о

  6. Кенесту а.о

  7. Қайынды а,о

  8. Саркөл а.о

  9. Тасқопа а.о

  10. Кеңқияқ а.о

Темір ауданының экономикасының негізгі бағыттары – ауыл шаруашылығы, мұнай өңдіру өндірісі.

Негізгі өндірілетін өнім түрлері – мұнай, ілеспе мұнай газдары, ет, сүт, дәнді дақылдар.

Ауыл шаруашылығының жетекші саласы- қой шаруашылығы

Жер өндеу – суармалы тәсілмен жүзеге асырылады.

Темір ауданының жер бедері – дөнесті-үймелі. Темір өзені алқабы мен оның көптеген тармақтарымен бөлінген тегістік ретінде берілген. Абсолюттік белгілер 190м мнг 250м аралығында өзгеріп отырады. Жер қалдық-эрозиялық үймелер мен түрлі биіктіктегі дөң-дөңестер сипаты, олар денудациялық-эрозиялық процестердің белсенділігін көрсетеді.

Темір ауданы кен орындарымен бай. Мұнай, газ, қара көмір, гарнит, құм, саз, жер асты минералды сулар.
V. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары

1. Аудан орталығы қалай аталады?

2. Аудан қашан құрылды?

3. Ауданда қанша қалалық округ бар?

4. Қанша елді мекен бар?

5. Аудан халқы саны қанша?

6. Халық қоныстануының тығыздығы қандай?

7. Темір топонимін түсіндір?

8.Аудан жер бедері қандай?

9. Қанша ауылдық округ бар?

10. Ауылдық округ саны қанша?


VII. Үйге тапсырма. Туған өлкенің табиғи ескетркіштері мен тарихы туралы мәлімет толықтыру.

Күні:10.12.2016

10 «а» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Темір қалалық округі және Шұбарқұдық ауылдық округінің географиялық орны, шаруашылығы және экономикасы.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Темір қалалық округі және Шұбарқұдық ауылдық округінің географиялық орны, шаруашылығы және экономикасы туралы мәлімет беру
б) Дамытушылық: Бұрынғы алған білімдерін дамыту, ойлау, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
в) Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге, қоршаған ортаны қорғауға шақыру.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік әдіс, репродуктивтік әдіс, іздену әдісі, баяндау.

Сабақ көрнекілігі: атлас, кескін карта, кесте.

Пән аралық байланыс: Тарих, география

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгелдеу. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Аудан қашан құрылды?

Ауданда неше қалалық округ бар?

Елді мекен саны қанша?

Жер бедері қандай?

Пайдалы қазба түрлері қандай?

Ауылдық округ саны неше?
III. Жаңа сабақты түсіндіру

Темір қалалық округі

Орталығы – Темір қаласы

Округ көлемі – 25478 га

Барлық әкімшілік-аумақтық бірлік саны – Темір қаласы, Жамбыл ауылы.

Солтүстік ені: 49°08', шығыс бойлығы 57°07'

Бұрынғы атауы Қарақамыс

Қала осы жерге 1862 жылы салынған Жем бекеті көшірілгеннен кейін 1870 жылы ұүрылған.

Жамбыл ауылы 2010 жылға дейін Ленинское ауылы аталған.

Шұбарқұдық ауылдық округі орталығы – Шұбарқұдық ауылы

Округ аумағы – 27813 га

Барлық әкімшілік-аумақтық бірлік саны –шұбарқұдық ауылы, Кенжалы станциясы, Жақсымай ауылы, Промысел ауылы

Солтүстік ені: 49°19', шығыс бойлығы 56°31'

Теңіз деңгейінен биіктігі 214 м

Шұбарқұдық Тұрғыны:


  • 11495 мың адам (2006);

  • 12991 мың адам (2016

Жақсымай – Ақтөбе облысында алғаш мұнай табылған жер. Жақсымай атауы майдың сапалы құрамын мензейді. 1931 жылы Шұбарқұдық, Жақсымай мұнай кәсіпшіліктерін игеруге байланысты, Шұбарқұдық қоңыр көмірін өндіру салалары бар. Алғашқы мұнай 1931 жылы ядросы 325 м тереңде жатқан тұз күмбезінің солтүстік және оңтүстік қанаттарындағы пермь-триас шөгінділерінен алынған. Негізгі мұнай иірімдері төмендігі пермьнің кунгур ярусының тұз қат-қабаты бетіндегі жоғары пермь шөгінділерінде орналасқан шоғырда (жалпы қалыңдығы 120 м). Мұндағы шамалы цементтелген сазды-құмды мұнайлы қабаттың жалпы қалыңдығы 50-75 м.



IV. Үйге тапсырма. Аумақтағы пайдалы қазбаларды кескін картаға түсіру.

Күні:24.12.2016

10 «а» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Қайынды және Алтықарасу ауылдық округтерінің географиялық орны, шаруашылығы;

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Қайынды және Алтықарасу ауылдық округтерінің географиялық орны, шаруашылығы; туралы мәлімет беру
б) Дамытушылық: Бұрынғы алған білімдерін дамыту, ойлау, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
в) Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге, қоршаған ортаны қорғауға шақыру.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік әдіс, репродуктивтік әдіс, іздену әдісі, баяндау.

Сабақ көрнекілігі: атлас, кескін карта, кесте.

Пән аралық байланыс: Тарих, география

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгелдеу. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет