Сабақтың тақырыбы: Қолөнер. Сәндік-қолданбалы өнер элементтерінің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Оқу процесінде оқушылардың белсенділік рөлін арттырып, бірлесе шешуге, ұйымшылдыққа, іскерлік, шеберлікке үйрету. Қолөнердің сырын түсіне отырып, ізденуге, танымдылық қабілеттерінің артуына ықпал ету, эстетикалық тәрбие беру, логикалық ойлау, киімді көркемдеп сәндеу, өнерге ынтасын, қабілеттерін дамыту.
Халқымыздың асыл мұраларын, салт - дәстүрлерін құрметтей білуге, өнерді түсінуге, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті, баяндау, әңгмелесу.
Сабақтың көрнекілігі: көрменің бұйымдары, даналық сөздер, мақал-мәтелдер,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (Үй тапсырмасын тексеру, бағалау)
ІІ. Жаңа сабақ.Даналық сөздердің мағынасын ашу, әңгіме өткізу.
«Өнерліге - өріс кең»
«Өнерді бағалай білмеген, өрге шықпас»
«Өнер көкке жеткізер»
«Өнер жұтамас байлық, таусылмас азық»
Халқымыздың қолөнерінің сыры мол, өрнегі ғажап. Әрбір оюдың ізінде, әрбір оюдың өрнегінде ұлағат сыр, тарихы мол шежіре бар. Өткен тарих шежіресін біз бүгінде «Технология» пәні арқылы біліп, заман көшіне білімімізбен ілесіп отырамыз. Шынайы өнердің адамға әсері мол. Ою - өрнектер, сырлы суреттер, қолөнері ұлттың нағыз шынайы, пәк өнері.Әр халықтың өзіне тән қолөнері болады. Қазақ халқы да өзге ұлттан асыл мұрасы, ою - өрнегі арқылы ерекшеленеді. Әрбір текемет, сырмақ түрлерінен, алқа, сырға бұйымдарынан ойы ұшқыр, сезімі жоғары, қиялы терең, талғампаздықты көреміз.«Өнерім – жақсылардың жан азығы» - деп өнердің рухани нәрін халқымыз ерекше атаған. Талай ғасырдан сүрінбей бізге жеткен асыл мұраларды берік қойма, алтын сандық ойымызда сақтауға тырысамыз. Зергерлік өнер – қолданбалы көркем шығармашылықтың ең көне түрлерінің бірі. Бұл өте нәзік те күрделі өнер.
Қазақ ою - өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Ою - өрнек қазақ халқы қолөнерінің кең тараған түрі болып табылады және тұрмыс тіршілігінде кеңінен қолданылып, ерте заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне өнер түрінің бірі. Егер шынайы ынтамен үйренуге, түсінуге құлшынсаңдар, өнер тереңде жатқан тамырларын, биікте тұрған шынарын алақандарына салады. Әрине, мұның өзі өздігінен келмейді. Ерінбей еңбектеген, ойы ұшқыр, қиялы қанаттылар ғана жан - жақты меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |