Сабақтың тақырыбы: Қолөнер зор өнер Мұғалімнің есімі: сынып: 7 Қатысқандар саны



Дата08.02.2022
өлшемі19,37 Kb.
#120354
түріСабақ
Байланысты:
қазақ тілі 7 сынып 24.09.


Күні:


Сабақтың тақырыбы: Қолөнер – зор өнер

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспаған саны:0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

7.1.3.1. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
7.4.2.1. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Мәтінді түсінеді. Тақырыпқа сай тілдесімге түсе алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тірек сөздер мен жетекші сұрақтарды қолдана алады, негізгі ойды анықтай алады.

Кейбір оқушылар:

  • Мәтіндегі сөздердің грамматикалық нормаларын сақтайды.

Алдыңғы оқу

Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында, талқылау, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа түсіру.

Жоспар

Жоспарлан ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)



Ресурстар



Басталуы
(Кіріспе)
( 3 мин)



Шаттық шеңбері
 Психологиялық даярлық
Күн көзіндей күлімдеп, 
Көңілді болып жүрейік.
Қазіргі болар сабаққа
Жүректен ақ жол тілейік!
Оқушылар бір – біріне жақсы тілектер айтады


Топқа бөліну
1-топ: «Шеберлер» 
2-топ: «Тоқымашылар» 

3-топ: «Өнерпаздар» 

 4-топ: «Ұсталар»



Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа , сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. 

мәтін

Ортасы
(33 мин)



Оқылым . Мәтінді оқып, стиль түрін анықтау
Әдеби тіл нормалары. Логикалық екпін
1 – тапсырма:
Оқылым мәтінінен бірнеше сөйлемді логикалық екпінге түсіріп жазу







2 – тапсырма
Сөйлемдерге сұрақ қоя отырып, логикалық екпінді сөздерді табу


3 – тапсырма (топтық жұмыс)
І - топ: Өлеңді көшіріп жазып, бастауышты тауып, астын сызу.
Төсегіне күн жатты,
Жердің бетін түн жапты.
Маужырады шың - құздар,
Көзін ашты жұлдыздар.
Жылқы жусап далада,
Қой ұйықтады қорада.


ІІ – топ:
1.Зат есім ………. маған амандасты.
2.Есімдік Ертең ………. он үшке келеміз.
3.Сын есім ……….. – ісімен жақсы.
4.Сан есім ……….. екіге де, үшке де бөлінеді.
5.Есімше ……….. білер бір сөзді.
6.Тұйық етістік ……….. оңай, істеу қиын.
7.Одағай ………… – жекіру одағайы.


ІІІ – топ:
«Адасқан сөздер»
Сөздерді ретімен орналастырып мақал- мәтелді құрастыру(Тақтада сөздер ретсіз орналасып, ілінеді. )
Шешенің сөзі мерген , ісіне сен, күшіңе сенбе , шебердің
көзі мерген.
Дұрыс жауабы: Шешенің сөзі мерген, шебердің көзі мерген
Күшіңе сенбе , ісіңе сен.
ІҮ – топ:
Талдау –табыс кілті.
Адам баласы ғасырлар бойы мәдениет байлығын жасап келеді. Бұл мұра қазақ елі үшін бағады. Кең байтақ қазақ жері бабаларымыздың өз ұрпақтарына қалдырған мұрасы. 









Рефлексия
( 2 мин)

Екі жұлдыз , бір тілек стикерлерді толтыру , оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазу, ББҮ кестесін толтыру

Аяқталуы
( 2 мин)
Қорытынды

Сабақты аяқтау үй тапсырмасын беру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет