Ассосация.
Балалар, енді назарларыңды тақтаға аударыңдаршы. Бұл суреттер бойынша не айтуға болады? Бұл суреттер бойынша не ойлайсыңдар?
Қонақжай, қонақжайлық сөздерін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Бір парақ қағазға жазады. Әр топтан бір оқушыдан оқиды.
Қонақ келсе – құт кел» - қазақ халқының мақал – мәтелі бар.
Осыны біліп отырып қазақ халқы қонақты жақсы көңілмен, төрге отырғызып, дастарқан әзірлеп, қонақтарына жақсы жағдай жасап береді.
«Батамен ел көгерер, еңбекпен жер көгерер» - тағы бір мақал – мәтеліміз бар.
Қонағын жақсы күткен үй иесіне, келген қонақ риза болса, сол кезде қонақ үй иесіне бата береді.
Мәтінді мәнерлеп оқу.
Сөздік жұмысы.
Білетін сөздерге қанат белгісін қояйық.
Білмеген сөздерге сұрақ белгісін қояйық
Білмеген сөздермен жұмыс өткізу. Сурет бойынша жұмыс.
төрге отырғызу
дастарқан әзірлеу
ән айту, күй тарту
ағайын – туыстарын сыйлау
ел – жұртты құрметтеу
Қай үйді Қонақжай дейміз?
Жылы қарсы алған үйді.
Қазақ халқы қалай қонақты қарсы алады?
Дастарқан әзірлеп, жылы көңілмен қарсы алады.
Қонақ қалай ризашылығын білдіреді?
Жақсы әңгіме айтады, ән шырқайды, күй тартады.
1-тапсырма
1 топ. Сурет бойынша әңгіме құру.
2 топ. Эссе жазу.
3 топ. Венн диаграммасы. Үй иесі мен қонақ.
Постерге сызып айырмашылықтарын жазу.
Қонақ
Үй иесі
Дискриптор:
Сурет бойынша әңгіме құрайды
Эссе жазады
Венн диаграммасы арқылы салыстырады
Қ/Б: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
Оқушыларға мәтін таратылады. Оқушылар мәтін мазмұнын түсініп оқиды.
Шаңырақ – қазақ танымында киелі ұғым. Отау болып, үй тігуді «шаңырақ көтеру» дейміз. «Шаңырағың биік болсын!» деп ізгі ниетімізді білдіріп те жатамыз. Баршамызға белгілі «шаңырақ» сөзі «үй, отбасы» деген мағынаны білдіреді. Халқымыздың ұғымында шаңыраққа ие болу кез келгенге бұйырмас бақыт. Ата-анасының ақ батасын алып, сол шаңырақтың түтінін түзу түтетуге бар ықыласымен тырысады. Өйткені шаңырақ – киелі мекен.
Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Оған бала күнінен «шаңырақтың иесі» деген ұғымды құлағына құйып өсіреді. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет.
Әрбір ата-ана әр баласын саналы болса екен деп тілейді. Оның ішінде кенже балаға ерекше ықыласпен қарайды. Отбасының ұйытқысы болатын да сол кенже бала. Қара шаңырақтың іргесінің берік болуы тікелей «кенже балаға» байланысты. Қара шаңырақ –үлкен үй, ата-ананың үйі. Әдетте, қара шаңыраққа отбасының балалары, туыстары жиналады. Кенже баланың үлкен бауырлары қамқорлықпен қарайды. Кенже келіннің де атқарар міндеті зор. Шаңырақ пен ондағы әрбір құндылық кенже баланың арқасында өз жалғастығын үзбейді.
Оқылым кезіндегі тапсырма.
Оқушылар шеңбер ойынын ойнайды. Олар ішкі шеңбер, сыртқы шеңберде тұрып, оқыған мәтіндерінің мазмұнына байланысты сұрақтар қояды. Ішкі шеңбердегілер сыртқы шеңберде тұрғандарға сұрақтар береді. Кейін ауысады.
Қ/Б: Мұғалімнің кері байланысы.
1-тапсырма.
Мәтіндерді ой бөліктеріне бөліп, ат қояды.
2-тапсырма. Әр ой бөлігіне қойылған тақырыпшаларды абзацтармен сәйкестендіру тапсырмаларын құрастырады.
3-тапсырма.
Оқушыларға мәтінге байланысты (мықты,ойлы,перзенттері) сөздері беріледі. Олар мәтіннен осы сөздердің синонимін тауып, басқа оқушылардын жауабын білу үшін сұрақтар құрастырады.
Дискриптор:
Мәтіндерді ой бөліктеріне бөліп, ат қояды.
Әр ой бөлігіне қойылған тақырыпшаларды абзацтармен
сәйкестендіру тапсырмаларын құрастырады.
Мәтіннен сөздердің синонимін тауып, басқа оқушылардын жауабын білу үшін сұрақтар құрастырады.
ҚБ. (Дұрыс жауаптар бойынша оқушылар бір -бірінің жұмыстарын тексереді.)
(Мұғалім әр топты тыңдап, кері байланысын беріп отырады).
|