Сабақтың тақырыбы: «Қонақтар»



бет2/3
Дата03.05.2023
өлшемі20,19 Kb.
#175958
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Қонақтар әңгімесі

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминалогия

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. ББҮ, «Дөңгелек үстел», «Біреуі үйде, үшеуі қонақта», «Шебер жазушылық», «Шеңбердегі доп» әдістері Рефлексия.

Әдіс-тәсілдер

Пәнаралық байланыс

Тарих

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы

Ресурс

Басталуы
5 минут



Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесемін.
2. Психологиялық ахуал қалыптастырамын. Оқушылардан «Бір тілек» тренингі арқылы бір-біріне өздерінің аттарының бас әріптеріне сәйкес тілек тілеуін сұраймын.

3. Үй тапсырмасын сұрау.


Әңгіменің мазмұнын әңгіме желісі бойынша құрастырылған «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы сұраймын.
1.Ерғабыл қарт неліктен ерте оянды ? 2.Кемпірі екеуі не жайлы әңгімелесті ? 3.Көптен күткен қауышу қалай болды ? 4.Дастарқан басында әңгіме қалай өрбіді ? 5.Аспандияр термесі қарттарға, Сапабек пен Томаға қалай әсер етті ?
6.Ерғабыл қарт не үшін ренжіді ?






Ортасы
30 минут



Жаңа тақырыппен танысу. Болжау. · Сабақта оқушыларға болжам жасау ұсынылады. (Бүгін сабақта не істейміз? Қандай бағалау критерийлері болады деп ойлайсыңдар?) · Оқу мақсаттарымен таныстырылып, бағалау критерийлері оқушылармен бірге жасалынады.
1-тапсырма. Топтық жұмыс. «FILA» әдісі арқылы әңгіме кейіпкерлеріне талдау жасау (Төрт топқа дайын сызбаны беремін. )

Кейіпкерлер

Дерек

Пікір

Сұрақ

Іс-әрекет

Ерғабыл













Сапабек













Тома













Жеңіс













Дескриптор:
1.Әңгімеден кейіпкер бейнесін ашатын деректерді жинайды.
2.Кейіпкер туралы пікірін айтып, бағасын береді.
3.Кейіпкердің образын ашатын сұрақ қояды.
4.Автордың кейіпкерді суреттеуде қолданған тәсілін анықтайды.

2-тапсырма. «Екі түрлі түсініктеме» күнделігін толтыру. Жұптық жұмыс.



  1. Мәтіндегі әсер еткен эпизод

  2. Әсер еткен эпизод бойынша пікірің

3-тапсырма.


"Қабырғадағы роль" тапсырмасы
Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді және оны орналастырады

Кейіпкер

Тура мінездеме

Жанама

Сапабек

Қуыс кеуде, саяз ойлы, мақтаншақ, өркөкірек, парызын түсінбейді, салт-дәстүрді білмейді, қатігез

Жанашыр, бауырмал, ата-анасының жағдайын ойлайтын

Тома

Шаруаға қыры жоқ , өзінің келіндік міндетін білмейтін, инабат дегеннен жұрдай, таяз ойлайтын қалы қызы

Енесінің қас-қабағына қарап отыратын, шаруаға пысық, мейірімді, жанашыр

Сапабек – ат жақты, қапсағай сары жігіт.


Тома – омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, топ-толық ақ сары, ажарлы келіншек.
Жеңіс – аяқ-қолы шидей, алтылар шамасындағы ұл бала.
Бағалау дескрипторлары

  • Шығарма мазмұнын түсінеді;

  • Кейіпкерлерге мінездеме береді;

  • Кейіпкерлерге жалпы және жанама мінездеме береді;

Ой толғаныс (шығарма бойынша өз ойларын білдіру)


«Ата-ана борышын қалай өтеуге болады?» деген сұраққа оқушылар ойтолғау жазады.

Оқулық, үлестірме қағаздар

Аяқталуы
Сабақты бекіту
3 минут





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет