Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. ББҮ, «Дөңгелек үстел», «Біреуі үйде, үшеуі қонақта», «Шебер жазушылық», «Шеңбердегі доп» әдістері Рефлексия.
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесемін.
2. Психологиялық ахуал қалыптастырамын. Оқушылардан «Бір тілек» тренингі арқылы бір-біріне өздерінің аттарының бас әріптеріне сәйкес тілек тілеуін сұраймын.
3. Үй тапсырмасын сұрау.
Әңгіменің мазмұнын әңгіме желісі бойынша құрастырылған «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы сұраймын.
1.Ерғабыл қарт неліктен ерте оянды ? 2.Кемпірі екеуі не жайлы әңгімелесті ? 3.Көптен күткен қауышу қалай болды ? 4.Дастарқан басында әңгіме қалай өрбіді ? 5.Аспандияр термесі қарттарға, Сапабек пен Томаға қалай әсер етті ?
6.Ерғабыл қарт не үшін ренжіді ?
Ортасы
30 минут
Жаңа тақырыппен танысу. Болжау. · Сабақта оқушыларға болжам жасау ұсынылады. (Бүгін сабақта не істейміз? Қандай бағалау критерийлері болады деп ойлайсыңдар?) · Оқу мақсаттарымен таныстырылып, бағалау критерийлері оқушылармен бірге жасалынады.
1-тапсырма. Топтық жұмыс. «FILA» әдісі арқылы әңгіме кейіпкерлеріне талдау жасау (Төрт топқа дайын сызбаны беремін. )
Кейіпкерлер
Дерек
Пікір
Сұрақ
Іс-әрекет
Ерғабыл
Сапабек
Тома
Жеңіс
Дескриптор:
1.Әңгімеден кейіпкер бейнесін ашатын деректерді жинайды.
2.Кейіпкер туралы пікірін айтып, бағасын береді.
3.Кейіпкердің образын ашатын сұрақ қояды.
4.Автордың кейіпкерді суреттеуде қолданған тәсілін анықтайды.
2-тапсырма. «Екі түрлі түсініктеме» күнделігін толтыру. Жұптық жұмыс.