Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000; және 0,1; 0,01; 0,001; сандарына көбейту және бөлу


Жаңа білімді бекіту. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма



бет6/7
Дата09.01.2022
өлшемі28 Kb.
#110448
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5 сынып қмж 2021.1.3

Жаңа білімді бекіту. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.

1- тапсырма. Өрнектің мәнін табыңыз:

a) 1,6∙х; мұндағы: х=10; 0,01; b) 8,25∙а мұндағы: а=100; 0,001.



Дескриптор: Білім алушы

- айнымалының мәнін өрнекте қолданады;

- көбейту ережелерін қолданып, өрнектің мәнін табады.
2- тапсырма. Есепті шешіңіз:

Қорапта 100 бөтелке сүт бар. 1 бөтелке сүттің массасы 0,256 кг, ал бос қораптың массасы 0,3 кг. Толық қораптың массасын табыңыз.



Дескриптор: Білім алушы

- сандық өрнекті құрайды;

- арифметикалық амалдарды орындайды;

- жауабын анықтайды.


3-тапсырма. Өрнектің мәнін табыңыз:

a) 24,95:у; мұндағы: у= 100; 0,1; b) 6,92:b; мұндағы: b=10; 0,01



Дескриптор: Білім алушы

- айнымалының мәнін өрнекте қолданады;

- бөлу ережелерін қолданып, өрнектің мәнін табады.
4-тапсырма. Есепті шешіңіз:

Бумада 1000 парақ бар. Буманың қалыңдығы 20,3 см. Бір парақтың қалыңдығын есептеңіз.



Дескриптор: Білім алушы

- сандық өрнекті құрастырады;

- есептеулер жүргізеді және жауабын анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет