2- тапсырма. Есепті шешіңіз:
Қорапта 100 бөтелке сүт бар. 1 бөтелке сүттің массасы 0,256 кг, ал бос қораптың массасы 0,3 кг. Толық қораптың массасын табыңыз.
1бөтелке - 0,256кг
100 бөтелке – хкг 100*0,256=25,6кг 25,6кг+0,3кг=25,9кг
Жауабы: 25,9кг
Дескриптор: Білім алушы
- сандық өрнекті құрайды;
- арифметикалық амалдарды орындайды;
- жауабын анықтайды.
3-тапсырма. Өрнектің мәнін табыңыз:
a) 24,95:у; мұндағы: у= 100; 0,1; 24,95:100=0,2495 24,95:0,1=249,5
b) 6,92:b; мұндағы: b=10; 0,01 6,92:10=0,692 6,92:0,01=692
Дескриптор: Білім алушы
- айнымалының мәнін өрнекте қолданады;
- бөлу ережелерін қолданып, өрнектің мәнін табады.
4-тапсырма. Есепті шешіңіз:
Бумада 1000 парақ бар. Буманың қалыңдығы 20,3 см. Бір парақтың қалыңдығын есептеңіз. 20,3:1000=0,0203
Дескриптор: Білім алушы
- сандық өрнекті құрастырады;
- есептеулер жүргізеді және жауабын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |