ІІІ. Сынып жұмысы. Есептер шығару.
Топтық жұмыс: «Тасқа жазылған тапсырма»
1 топ басшысы жарғы (тапсырма шартын)оқиды. Осы тапсырманы дұрыс орындай алсақ, айдаһардың қамалына апаратын дұрыс жолды табамыз:
Барлық топтарға:
Әр топқа алты есептен беріледі. Оқушылар бірлесе отырып,есепті шығарады және тексеруге келесі топқа береді. Топтар бірін-бірі жұлдызшалар саны арқылы бағалайды. Кері байланыс жасайды.
Жүре-жүре ну орманға кез болдық. Сол орманда бір жалғыз үй тұр. Ол үйде жалмауыз кемпір тұрады екен. Жалмауыз кемпірден айдаһардың қайда тұратыны сұрайық.
Жалмауыз кемпір: - менің көптен бері шешуін таппай жүрген тапсырмам бар еді. Соны тауып берсеңдер, мен сендерге көмектесемін,- дейді.