Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата25.08.2017
өлшемі165,45 Kb.
#26328
түріСабақ
«Б.Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін» ММ

АШЫҚ САБАҚ




Өткізген : Сұлтанова Г.Қ

Арқалық қаласы, 2016 ж

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың ондық бөлшектерді қосу, азайту, салыстыру тақырыптары бойынша есептер шығару арқылы білімдерін пысықтап, тиянақтау.

Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ондық бөлшектерді қосу, азайту амалдары бойынша біліктіліктерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілік, еңбекқорлық, белсенділік, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.

Сабақтың типі: қайталау, пысықтау сабағы.

Сабақтың түрі: ойын-сабақ

Сабақтың әдісі: ойын технологиясы, ақпараттық технология, өзіндік жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайд-презентация, бағалау парақтары, өзіндік жұмыс есептері жазылған карточкалар.
Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен, жоспарымен танысу.

  2. Үй жұмысын тексеру

  3. Білімді бекітуге дайындық кезеңі.

  4. Білімді бекіту

  5. Үйге тапсырма

  6. Қорытындылау.

  7. Бағалау.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. Сабақтың негізгі мақсаты мен жоспарымен, ойын шарттарымен таныстыру.

Мұғалім: Балалар бүгінгі сабағымыздың ұраны «Бәрін білгім келеді!» деп аталады. Бұл сабақта ондық бөлшектерді қосу және азайту амалдарына есептер шығарып, білімдеріңді қорытындылап қана қоймай, жануарлар мен өсімдіктер әлемінен қызықты мәліметтермен таныс боласыңдар.

Білімді бекітуге дайындық

  • Үй жұмысын тексеру.

  • «Оқылуына сәйкес санды тап» (сандарды дұрыс тапса, сандардың астындағы әріптерден ең кішкентай құстың атын оқиды)

  • «Қатені тап!» (тақтада жазылған есептерден оқушылар қатені анықтау қажет)

  • «Кім қырағы?» (тақтада көрсетілген амалдарда өшіп қалған үтірлерді қою қажет)

Білімді бекіту кезеңі

  • «Сандарды салыстыр» (оқушылар дәптерлеріне орындап, интерактивті тақтадағы жауабымен тексеріп, бағалау парағына өзіне баға қояды)

  • «Сандарды өсу ретімен орналастыр» (оқушылар тапсырманы дұрыс орындаса, қай жердің экологиялық жағдай жақсы екенін анықтайды, оқушылар қорытынды жасайды)

  • «Көзге жаттығу» (Нүктелердің координаталарын тап)

  • «Сен білесің бе?» (блок - схемадағы есепті шешу)

  • «Ең жүйрік жануар» (тедеуді шешу)

  • «Әлемдегі ең үлкен гүл»

  • «Өзіңді тексер» (оқушы өзіндік жұмысты орындап, тақтадағы жауабымен тексеріп, өзіне-өзі баға қояды)

Қорытынды: Үйге тапсырма беру: №1097, №1098

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет