Сабақтың тақырыбы: Өнертабыс, пайдалы модель және өнеркәсіптік үлгілерінің қорғау қабілеттері


Өнертабысқа патент алу үшін қандай құжаттарды тапсыру қажет?



бет2/5
Дата06.02.2022
өлшемі22,13 Kb.
#82070
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
СТ -18о Патенттану және лицензиялау 01.10.2020

2. Өнертабысқа патент алу үшін қандай құжаттарды тапсыру қажет?
Қазақстан Республикасының Патент заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес Өнертабысқа өтiнiмде мынадай құжаттар: 1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiм; 2) бiлiмнiң тиiстi саласындағы маманның өнертабысты жүзеге асыруы үшiн толық, жеткiлiктi ашылған сипаттамасы; 3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн өнертабыстың формуласы. Формула анық, нақты болуға және сипаттамаға негiзделуге тиiс; 4) егер, өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де материалдар; 5) реферат; 6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда – сенiмхат болуы тиіс. Өнертабысқа өтiнiмге өтiнiм беруге, сонымен бiрге ресми сараптама жүргiзуге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерiн азайту негiздемесiн растайтын құжат қоса тiркеледi, оларды өтінімге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде тапсыруға болады. Тиiстi төлем жасалған жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс. Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет