Байланысты: СТ -18о Патенттану және лицензиялау 01.10.2020
5. Өтінімді қандай тәсілдермен беруге болады 1. Поштамен мына мекенжай бойынша: Орынбор көш., 8, 1 кіреберіс, Астана, 010000, Қазақстан Республикасы
2. Жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша тікелей Ұлттық зияткерлік меншік институтының кеңсесі арқылы беру.
3. Факспен жіберу: +7 (7172) 74 96 21 Бұл жағдайда өтінім құжаттарының түпнұсқалары факспен бұрын түскен құжаттарды бірдейлендіретін ілеспе хатпен бірге ҰЗМИ-ге олардың факспен түскен күнінен бастап бір ай ішінде ұсынылуы тиіс. Осы талапты сақтаған жағдайда, факспен түскен күні құжаттың түскен күні болып есептеледі.
4. Электрондық цифрлі қолды пайдалана отырып, өтінімді электрондық түрде беру қызметін пайдалану: а) ҰЗМИ сайты www.kazpatent.kz ҰЗМИ сайты арқылы өтінімді электрондық түрде беру туралы ақпаратпен сайттың «Өтінімді электрондық түрде беру» бөлімінде танысуға болады; б) Қазақстан Республикасының www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы.