Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
(W)«Жүректен жүрекке » әдісі. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып жүректі алақандарына салып, бір-біріне тілек айтады, бір-бірінің көңіл -күйін көтереді.
(W)«Мозайка» әдісі арқылы суреттерді құрастыра отырып,
Микроскоп
Телескоп
Лупа
Перископ 4 топқа бөлінеді.
Өткен білімді еске түсіру
Тапсырма №1 (G)(Жұптық жұмыс)
«6 терезе, 6 сұрақ» әдісі
Оқушылар өткен тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
Не?
|
Неге?
|
Қандай?
|
Қалай?
|
Қайда?
|
Қашан?
|
Әр оқушы А4 қағазын 6 терезеге бөледі де, тақтада берілген 6 сұраққа жауап жазады. Оқушылар орындап болған соң, жауаптары интербелсенді тақтадан көрсетіледі.
Өзара тапсырманы, алмастырып, бір-бірінің жұмысын тексереді. Қателіктерін топпен талқылайды.
Бағалау критерийлері
|
Дескриптор
|
Линзаның түрлерін біледі, формулаларын көрсетеді.
|
Меңгерген білімдерін көрсетеді
Өткен білімді еске түсіреді.
|
(f)ҚБ: Мадақтау
«Кереметсіңдер»
«Жарадыңдар»
«Сендерге сенемін»
Тақырыпты ашу.
Тапсырма №2
(G) «Модельдеу » әдісі
1-2 топ тапсырмасы:
You tube желісін қарай отырып,
Берілген 2 айна, 2 қорап, клей, концелярлық пышақты пайдаланып, перископ құрастыр.
3-4 топ тапсырмасы:
Берілген қорап, конфеттің ақ қағазы, шеге, қайшы, домалақ қалыңтырды пайдаланып, обскура камерасын жаса.
Бағалау критерийлері
|
Дескриптор
|
Оптикалық аспаптардың перископ, обскура камерасын нобайын жасайды.
|
Перископ және обскура камерасының құрылысымен танысады.
Олардың моделін құрастыра алады.
|
(f)ҚБ : Жауап берген оқушыларға жұлдызша таратамын.
«Тамаша» Толық түсіндің.
«Жақсы» Біліміңді толықтыр.
Тапсырма №3
(G)(Топтық жұмыс ) « Stop cadr» әдісі:Bilimland.kz сайтынан «Оптикалық аспаптар» тақырыбындағы бейнефильмін көрсете отырып, экранды тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы , оқушыларды диалогқа тарта отырып, жаңа тақырып ашылады. Тақырып бойынша негізгі идеяларды жинақтап, саралау мақсатында қолданылады. Талдау барысында мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып түзетеді.- Проекциялық аппараттың жұмыс істеу принципі қандай?
-Перископ, обскура камерасы қандай мақсатта пайдаланылады?
Жаңа тақырып мұғалімнің сұрақ қоюы арқылы талқыланып, тапсырма орындау барысында ашылып және оқу мақсатына жетеді.
Бағалау критерийлері
|
Дескриптор
|
Оптикалық аспаптар туралы ақпарат қабылдайды.
Оптикалық аспаптарды өмірде қолдануын түсіндіреді.
|
Оптикалық аспаптардың түрлерімен танысады.
Негізгі идеялар жинақталып, сараланады.
|
(f)ҚБ «Менің ойымдағы аспаптар »
Бәрі түсінікті Түсініксіздеу Түсінбедім
Түсінбеген оқушыларға келесі сабаққа қосымша тапсырмалар даярланып, жан-жақты қолдау көрсетіледі.
|
Суреттер жиынтығы
Интернет желісі
https://www.youtube.com/watch?v=1-odiAZvo4w
https://www.youtube.com/watch?v=cvT6WpDOoXI
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/optika/lesson/optikalyq-quralda
|
|
|