Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»



бет2/2
Дата04.05.2020
өлшемі38,94 Kb.
#65702
түріСабақ
1   2
Байланысты:
6сынып қаз әд қмж

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой қозғау, іздендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Көрнекілігі: жазушы портреті, сөзжұмбақ, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-       Амандасу.

-       Оқушыларды кезекші арқылы түгендеу.

-       Сынып бөлмесі мен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



«Әдебиет - тек асыл мұратпен, таза ар-намыспен кіруге болатын зәулім сарай» деген екен ұлыларымыз. Ендеше осы асқар тауға жетелейтін қасиетті әдебиет сабағын бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

- Балалар, өткен сабақта қандай әңгімемен таныстық? (С.Мұратбеков «Жусан иісі»).

- Біз осы оқу жылында еліміздің түкпір-түкпірінен шыққан ақын-жазушылармен таныстық. Ауылымыздың тумасы жерлес жазушыларымызды да шолдық. Соның бірі – Сайын Мұратбеков. Жазушының «Жусан иісі» әңгімесін өткен сабақтарда қызыға оқыдыңдар. Қане, өткен сабақта өтілген шығарманың мазмұнына байланысты құрастырылған сөзжұмбақты шешіп, үйге берілген тапсырманы пысықтап өтейік.

Сұрақтары:

1. «Жусан иісі» шығармасының авторы (Мұратбеков)

2. С.Мұратбеков қай ауылда дүниеге келген? (Қоңыр)

3. «Жусан иісі» шығармасының басты кейіпкері кім? (Аян). Қосымша сұрақ: Аян қандай бала?

4. Аянға көмек көрсеткен сынықшы кім? (Асылбек). Қосымша сұрақ: Аянның Асылбек қартқа баруына қандай жағдай итермеледі?

5. Аян сауат ашқаннан кейін соғыстағы ағасына не жіберді? (Хат). Аянның ағасы соғыстан оралды ма?

6. Аянның ұстазы (Иманжанов)

7. Оқиға қай жерде болған? (Жусандытөбе)

8. Аян кіммен төбелесті? (Есікбай)

9. Аян Асылбек қартқа аяғын салдырғанда қандай қасиет көрсетті? (Төзім). Қосымша сұрақ: Аянның төзімділігін тағы қандай іс-әрекеттерінен байқауға болады?

10. Аян ертегіні қай уақыттарда айтушы еді? (Кешкі)

11. Аян халық ауыз әдебиетінің қай түрін шебер айтушы еді? (Ертегі). Неліктен Аянның ертегілері үнемі «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталады?



12. Аян әжесінен айырылған соң, кімді паналады? «Жусан иісі» әңгімесі немен аяқталды?

М

Ұ

Р

А

Т

Б

Е

К

О

В

 

 

 

 

 

Қ

О

Ң

Ы

Р

 

 

 

 

 

А

Я

Н

 




 

А

С

Ы

Л

Б

Е

К

 

 

 

 

Х

А

Т

 




 

И

М

А

Н

Ж

А

Н

О

В

Ж

У

С

А

Н

Д

Ы

Т

Ө

Б

Е

 




 

 

Е

С

І

К

Б

А

Й

 

 

 

 

Т

Ө

З

І

М

 

 

 

К

Е

Ш

К

І

 

Е

Р

Т

Е

Г

І

 

Б

А

П

А

Й

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ендеше, бүгін Оралхан Бөкейдің өмірі, шығармашылығымен және «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесімен танысамыз. Бәріміз тақтадағы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған деректерге назар аударамыз. Өмірімен таныспас бұрын,



Өзгеше біткен қазақтың,

Өнерпаз ұлы дара бір.

Жасадың ғұмыр аз-ақ күн,

Жасамай елу және бір...

(Ғафу Қайырбеков)

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында қарапайым еңбек адамының отбасында дүниеге келген. Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен.

Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебінен         соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.

1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды.

Оралхан Бөкей 1968 жылы республикалык «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. Оның журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалық қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны Алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды да жіберді. ОралханБөкей бір сөзінде «Мені әдебиетке әкелген журналистика» дейді.Өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді.

1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.

Оралхан Бөкей 1993 жылы17 мамырдаҮндістан жерінде, Делиде қайтас болды.

Шығармалары:

«Қайдасың, қасқа құлыным», «Мұзтау», «Үркер ауып барады», «Өз отыңды өшірме», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Құлыным менің», «Апамның астауы», «Бәрі де майдан», «Жетім бота», т.б. Оралхан Бөкейдің қай шығармалары болсын көтерген, қалам сілтеген негізгі тақырыбы – адам тағдыры, табиғат, олардың тұтастығы, бірлігі.



Марапаттары:

ü1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты

ü1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты

ü1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды.

Айтып өткенімдей, бүгінгі өтетініміз О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі. Мен сендерге алдын-ала әңгімемен танысып келуге тапсырма берген болатынмын.

а) Әңгіме мазмұнын талдау(кестемен жазбаша жұмыс)

Әңгіменің аталуы

«Тортай мінер ақ боз ат»

Авторы

Бөкей'>Оралхан Бөкей

Тақырыбы

Жетім өмірі

Идеясы

Жас бозбаланың биік арманының соғыс салдарынан орындалмай қалуы.

Кейіпкерлер

Тортай, фермер баласы

Қай кезеңді суреттейді?

Соғыстан кейінгі жылдарды

Әңгіме немен аяқталды?

Тортай арманына жете алмады

ә) Кейіпкерлер мінезін талдау (ауызша талдау)

Кейіпкер

Мінезі

Менің ойым

б) Әңгіме тілін талдау (тақтамен жазбаша жұмыс)

Жер, су аттары

Тұрақты тіркес

Мақал-мәтел

 

-        Салықсалған

-        Моңғолия



-        Ит басына іркіт төгілу (молшылық)

-        Қой аузынан шөп алмас (момын)

-        Ұядай қылып жинау (жинақы)

-        Мұрнын көкке көтеру (паңдану)

-        Ішкені – алдыда, ішпегені – артта (байлық)

-        Тақымы қотыр тайға тимеу (жолы болмау)



-        Ораза-намаз тоқтықта

-        Тоқ бала аш баламен ойнамайды



в) «Жусан иісі» мен «Тортай мінер ақ боз ат» шығармаларын салыстыру.

«Жусан иісі» повесі

Аян

«Тортай мінер ақ боз ат»

Тортай

 


Ертегі шығарады

Кітап оқығанды жақсы көреді

Ұқсастығы

Жетім, дене кемістігі бар, қиялшыл, төзімді, досқа адал

г) Екі шығармаға байланысты проблемалық сұрақтар қою.


  1. «Жусан иісі» повесі мен «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі қалай аяқталды? (Оқушылар кітаптан екі шығарманың аяғын тауып оқиды)

  2. Жетім балалардың армандарының орындалмай қалуына не кедергі болды? (Сұрапыл соғыс)

  3. Екі оқиғаны қалай аяқтар едіңдер? (Оқушылар өз ойларын айтады)

  4. Аян кеткенде, басқа балалармен көңілсіз болып Аянды қимаған кім? Тортайды өзімен бірге алып кететін шамасының жоқтығына қиналған кім? (Ол – Аянды қимаған оның жолдасы еді, Тортай үшін қиналған досы Ораш еді. Олар – осы шығармалардың авторлары - Оралхан Бөкей мен Сайын Мұратбеков).

  5. Тортай  кітап  туралы қандай  пікірде ? Кітапты неге пір тұтты?

  6. Кітаптың адам өмірі, мінез құлқы үшін қандай маңызы бар?

  7. Қос шығарма сендерге не үйретті? (Ойларын айтады)

ІV. Шығармашылық жұмыс.

Тортайға хат жазу.



V. Қорытындылау (оқушылар Инсерт кестесін толтырады)

V - білемін

+ - білдім

? – білгім келеді

 

 

 

VI. Үй тапсырмасын беру

 Аян мен Тортайдың «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталатын ертегілерін құрау.



VII. Бағалау. Оқушыларды берген жауаптарына, белсенділіктеріне қарай бағалаймын.

Сабақтың мақсаты:



1. Білімділік. Оралхан Бөкейдің өмірі  мен шығармашылығымен танысу. Әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау барысында өмір шындығын таныту, шығармадан алған білімдерін қорыту.

2. Дамытушылық. Оқушы ойын ашық жеткізе білуге, шығармашылықпен айналысуға, талдау жасау кезінде білімін, ойын дамытуға ықпал ету.

3. Тәрбиелік. Оқушыларды отансүйгіштікке, кітап пен білімді өзінің алдына мақсат етіп қоятын жан дүниесі сезімтал да адал, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорыту, жинақтау.

Сабақтың әдісі: жүйелеу, салыстыру, іздендіру

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Көрнекілігімультимедиялық проектор, интерактивті тақта, слайд, кітап көрмесі, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


  1. «Жусан исі» повесіндегі Аянның ертегісін аяқтау

  2. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін оқу

ІІІ. Жаңа тақырып.

Өзгеше біткен қазақтың,

Өнерпаз ұлы дара бір.

Жасадың ғұмыр аз – ақ күн,

Жасамай елу және бір...

- Балалар, біз осы оқу жылында еліміздің түкпір түкпірінде туып өскен ақын-жазушылармен таныстық. Өз туған өлкемізде туып өскен жерлес ақындарымызбен де таныстық. Соның бірі – Оралхан Бөкей.



«Айналайын Алтайым, осы құдіретіңнен, осы келбетіңнен, осы гүліңнен, осы жұпарыңнан айырылып қала көрме, өйткені мен сені сүйемін, өйткені мен сенің перзентіңмін, өйткені жаһанда саған жетер салтанатты жер жоқ»

 О. Бөкей

Жерлесіміз, жазушы Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында қарапайым еңбек адамының отбасында дүниеге келген. Әкесі Бөкей, анасы Күлия, қарындастары Ғалия мен  Мәншүк.

Оралхан Бөкейдің қай шығармалары болсын көтерген, қалам сілтеген негізгі тақырыбы – адам тағдыры, табиғат, олардың тұтастығы, бірлігі: Адамды ардақтау, оның ұлылығын жырлау.



Шығармалары:

“Қамшыгер”,  “Үркер”, Қайдасың, қасқа құлыным”, “Шара”, Елең-алаң, “Мұзтау”, “Ән салады шағылдар”, “Үркер ауып барады”, “Бәрі де майдан”, “Құм мінезі”, “Өз отыңды өшірме”, “Біздің жақта қыс ұзақ”, “Атаукере”, “Қар қызы”, “Зымырайды поездар”, “Жау тылындағы бала”, “Жесірлер”, “Ұйқым келмейді”, “Құлыным менің”, “Жақсының ізі”.



«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі.

  1. Әңгімені жоспарлау:

    1. Салықсалған ауылы

    2. Соғыстан кейінгі бейбіт өмір

    3. Тортай

    4. Ертегіші Тортай

    5. Тортай мінер ақ боз ат...

    6. Сөздікпен жұмыс.

Күлтеленген – жібек пен қыл тәрізді заттарды тегістеп шоқтау, біркелкі етіп кесу. Күреңсе –саздау жерге шығатын шабындық шөп.

Жемтір-жемтір – жұлма-жұлма.

Кеспелтек – жуантық келген қысқа

  1. Проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар.

  2. Салықсалғанда соғыстан кейінгі жағдай қандай?
    2. Әңгімеші бала мен Тортайдың достығы қалай сипатталған?
    3. Тортайдың  жеке басының  арманы не?  сол  үзіндіні әңгімеден тауып оқы. 
    4. Тортайдың автор үйіне келудегі мақсаты не?
    5. Автор неге орнынан тұрып амандаса алмады?
    6. Тортай  кітап  туралы қандай  пікірде ? Кітапты неге пір тұтты?

  3. 7. Кітаптың адам өмірі, мінез құлқы үшін қандай маңызы бар?

  4. 8. Ол таскүркеде  қандай  кітап  оқыды ? 

9. Әңгіменің  соңында  лирикалық  кейіпкер  қандай  шындық  айтады?

10. Тортай неге арманына жете алмады?

4. «Кім жылдам?» ойыны. Әр топқа берілген тапсырмаларды тез тауып жазу керек.



І топ.

1.Мәтіннен дефис арқылы жазылған шылаулары бар сөйлемдерді табыңыздар.


2. Еліктеуіш, бейнелеуіш сөздері бар сөйлемдерді дәптерге жаз.

ІІ топ.

1. Одағай бар ма?  Қай сөйлемде қандай мәнде қолданылған?


2. Мәтіннен эпитет, теңеу, мақал-мәтел фразеологизмдерді табыңдар?

Эпитет -  заттың айрықша белгілерін, қасиеттерін білдіретін сөздер. (жаймашуақ сәт, көкпеңбек болып көмкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, жұмақты өмір, көк мұнар дүние, қоңыр үн)

Теңеу – заттың, не құбылыстың қасиет-сапасын ашу үшін екінші бір затпен, құбылыспен салыстыру. (табанға кілемдей жұмсақ тию, ұлардай шулап, лаулаған жалын бақсыдай тілін жалаңдатып, ұядай қылып жинау, көк күмбезіне найзадай кіріп, ой-етек алақандағыдай көрінеді, Алтайдың шолпысындай жарқыраған Бұқтырма, ай мен күндей қос ару)

Мақал-мәтелдер – Мақалда ой ашық, нақты, тура айтылады, мәтелде – ой тұспалдап, астарлап меңзеп жеткізеді. (Тоқ бала аш баламен ойнамайды, «Ораза-намаз тоқтықта ғана»)

Тұрақты тіркестер – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір мағына беретін сөз тіркесі. (қой аузынан шөп алмас – момын, жуас, ит басына іркіт төгілу- молшылық, қыздың жиған жүгіндей – сәнді, жинақы, тақымы қотыр тайға тимеу – ештеңеге қол жеткізбеу, келді-кетті деп сөге жамандамаңыз – тез келді де кетті деп ойламаңыз, сәл мүкісі бар- құлағы аздап естімейді, ұядай қылып жинау – тап-таза, сәнді қылып жинау)

ІІІ топ. 1. Әңгімеде ауыл өмірі қалай суреттеледі? Әңгімеден тауып оқы.

2. Қандай өзен, тау  аттары кездеседі ?

5.Тортайға мінездеме беру. Топтастыру.

Венн диаграммасы.



“Жусан исі” повесі

Аян


“Тортай мінген ақ боз ат”

Тортай


 

 

Ұқсастығы

 

  1. Инсерт кестесі.

  1. Білетінім

  2. Мен үшін жаңалық

  3. Мені таң қалдырды

 

 

 

 

 

ІV. Бекіту. “Ортаға салу”

Ораш ел таныған азамат бола отырып, бала кезінде бірге өскен досы – Тортай амандасқалы келгенде, шыға алмағады. Осы іс-әрекеті дұрыс па?



Бекіту сұрақтары:

1. Соғыстан кейінгі балалар мен қазіргі балалардың арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?


2. Тортай тәрізді балалар қазірде кездесе ме?
3. Тортай неге арманына жете алмады? 
4. Оралхан Бөкейдің бұл әңгімеден басқа қандай әңгімелерін оқыдыңдар?

V.  Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды Әбіш Кекілбаевтың сөзімен түйіндесек:

О. Бөкей жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды. Алыс-жақын елдерде аты “қазақ” деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай тұлғалардың біріне айналды”.



Үй тапсырмасы:

1. “Әңгімені қалай аяқтар едіңіз” шағын ой-толғау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет