Бекітемін: __________
Күні: 13.11.2015ж. Пәні: Биология. Сыныбы: 9а
Сабақтың тақырыбы: Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі. Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі. Ұрықтардың ұқсастығы.
Сабақтың мақсаты:
І. Білімділік мақсаты: Организмнің дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, оған әсер ететін факторлар туралы түсінік қалыптастыру.
ІІ. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың онтогенез, адами қасиеттер туралы түсінігін, дүниетанымын кеңейту.
ІІІ. Тәрбиелік мақсаты: Өз бетінше тұжырым, қорытынды жасауға, еркін жауап қатуға үйрету, кәсіби бағдар беру, рухтандыру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың өтілу әдісі: Ауызша әңгімелеу, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, плакаттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.
1. Ұрық деген не?
2. Қосарлы ұрықтану деген не?
3. Тұқым деген не?
4. Ұрықтанудың биологиялық маңызы қандай?
Жаңа сабақты оқып – білу кезеңі.
Жаңа тақырып: Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі. Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі. Ұрықтардың ұқсастығы.
Онтогенез – организмнің дамуы. Жыныс жасушаларының қосылып, зигготаның түзілуінен бастап, одан әрі өсіп дамуы жүріп, тіршілігі тоқтағанға дейінгі кезеңі организмнің жеке дамуы деп аталады. Тұқым өніп, әртүрлі қызмет атқаратын ұлпалар – өсімдіктің мүшелерін түзеді. Жынысты көбею мүшесі – гүл жетіліп, қосарлы ұрықтану жүрген соң түзілген жемістер мен тұқымдар шашылады да, біржылдық өсімдіктердің тіршілігі тоқтайды. Екіжылдық, көпжылдық өсімдіктерде бар.
Жануарларда онтогенез екі кезеңнен тұрады. Олар:
1. Эмбриондық – зигота түзілгеннен бастап туылғанға немесе жұмыртқа қабығын жарып шыққанға дейінгі;
2. Постэмбриондық – туылып немесе жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан тіршілігі тоқтағанға дейінгі кезеңдер.
Көпжасушалы жануарлардың эмбриондық дамуы бір – біріне ұқсас болады. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы – ол әрі бір жасуша, әрі дамудың бастапқы кезеңіндегі организм. Бұл жасуша дамуында бластула, гаструла, нейрула және мүшелер түзу кезеңдерінен өтеді.
Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы – зигота бірнеше минуттан соң митоз жолымен қарқынды бөліне бастайды. Бұл – бөлшектену сатысы. Сөйтіп, біржасушалы ұрық көпжасушалыға айналады. Бөлшектену нәтижесінде өсіп үлгермей, жасушалар майдаланады, оларды бластомерлер деп атайды. Бластуланың ішінде сұйықтыққа толы қуыс болады. Оны бірінші реттік қуыс немесе бластоцель деп атайды.
Гаструляция. Бұл кезде гаструляция процесі жүріп, бластула күрделеніп жаңа даму сатысы гаструлаға ( грек.gaster – қарын ) айналады. Гаструляция кезінде бластуланың бір жақ қабырғасы ішіне қарай ойысып, жасушалардың тез бөлініп көбеюі нәтижесінде ұрық келе-келе қосқабырғалы қапшыққа ұқсайды. Қабырғасы екі қабат жасушалардан тұратын, іші қуыс бұл қапшық гаструла деп аталады. Осы ұрық қабырғасының қабаттарын ұрық жапырақшалары деп атайды. Сыртқы жапырақшаны эктодерма ( грек.ektos – ішкі ), ішкісін энтодерма ( грек.entos – ішкі ) дейді.
Көпжасушалы жануарларда ішекқуыстылардан басқаларында экто- және энтодерманың арасындағы жасушалардан үшінші ұрық жапырақшасы – мезодерма ( грек.mesos – аралық ) түзіледі. Сөйтіп, ұрық үш қабаттан тұрады.
Нейрула – ұрықтың тек хордалыларға ғана тән гаструладан кейінгі сатысы. Бұл кезеңде эктодермадан жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми және жұлын дамып жетіледі.
Мүшелердің түзілуі – органогенез. Гаструляция кезеңінен соң ұрықта жүйке түтігі, хорда, ішек түтігі сияқты мүшелер жетіледі. Қалған эктодермадан тері эпителийінің бастамасы – жабын ұлпасы түзіледі.
Энтодерманың арқа жағындағы жүйке түтігінің астындағы мезодерма бөлімі хордаға айналады. Эктодермадан жүйке жүйесі, сезім мүшелері, тері эпителийі, тіс кіреукесі; энтодермадан асқазан-ішек жүйесі, бауыр, ұйқы безі, сілекей бездері, желбезек пен өкпе түзіледі. Мезодермадан бұлшықет, сіңір, шеміршек, сүйек, жүрек бұлшықеттері, қан лимфа, қан тамырлар жүйесі, зәр шығару жүйелері, жыныс мүшелері түзіледі.
Постэмбриондық даму. Организмнің туылып немесе жұмыртқа қабықшасын жарып сыртқа шығуымен эмбриондық даму кезеңі басталады. Бұл кезең тікелей және түрленіп даму түрінде жүреді.
Бауырымен жорғалаушыларда, құстарда, сүтқоректілерде тікелей даму жүріп, жұмыртқадан немесе аналық организмнен шыққан, барлық мүшелерінің негізі қалыптасқан, көлемі кіші организмдер әрі қарай тек өседі. Жыныстық жетілу жүреді.
Түрленіп дамуда жұмыртқадан өздеріне тән уақытша мүшелері бар дернәсілер жетіледі. Дернәсілдер қоректенеді, өседі. Біртіндеп дернәсілдің мүшелері ересек дараларға тән мүшелермен ауысады.
Постэмбриондық кезеңнің ұзақтығы әртүрлі. Бір күн тіршілік ететін қанатты кбелектер – біркүндіктердің дернәсілі 2-3 жыл, жыныстық жетілуі әртүрлі түрлерінде 2-3 сағ-тан 2-3 тәулікке созылады. Адамның постэмбриондық кезеңдері: жыныстық жетілуі, есеюі, қартайған шағы. Адам өмірінің ұзақтығы жыныстық жетілуіне дейінгі кезеңнен 5-8 еседей көп. Адам 20-25 жасқа дейін өседі.
Ұрықтардың ұқсастығы. Барлық көпжасушалы организмдер ұрықтанған жұмыртқадан дамиды. Бір типке жататын жануарларда ұрықтардың даму процестері ұқсас болады. Барлық эмбриондық кезеңде осьтік қаңқа – хорда, жүйке түтігі пайда болады. Эмбриондық даму барысында өздеріне тән класс, туыс, түр, ең соңында дараны сипаттайтын белгілер пайда болады.
Жаңа білім және іс – әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі.
Онтогенез дегеніміз не?
Бөлшектену сатысының қандай ерекшелігі бар?
Жаңа білімді және іс – әрекеттер амалдарын бекіту кезеңі.
Ұрық жапырақшалары дегеніміз не?
Постэмбриондық даму деген не?
Үй тапсырмасы жайында мәлімет беру кезеңі.
Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі. Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі. Ұрықтардың ұқсастығы.
Сабақты қорытындылау кезеңі.
Жаңа тақырыпты сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.
Рефлекция кезеңі.
Мен бүгін сабақтан қандай қызық мәлімет алдым.
Достарыңызбен бөлісу: |