Мектеп:
|
Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназия
|
|
Күні:
|
03.10.2024
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Турумбаева Елмира Махмутовна
|
|
Сынып:
|
6 «Ә»
|
Қатысқан оқушы саны:
|
|
Қатыспаған оқушы саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Өрт қауіпсіздігі / Қарттар күніне арналған «Қамқорлық» акциясы
|
|
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
|
Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.
Оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
|
|
Сабақ
барысы
|
Педагогтің әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтыңбасы
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.
ә) оқушыларды түгендеу
ІІ. Өткенді пысықтау,
жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
|
«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
|
Сабақтың ортасы
|
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
а) Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Өрттерді сөндірудің негізгі құралдары:
Су — өртті сөндірудің негізгі құралы. Су электр өткізгіш, сондықтан оны тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіруге пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың түсуінен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қапайымы болып табылады. Оның отты сөндірудегі әрекеті — ол жанғаш затты салқындатады.
ә) «Қарты бар елдің қазынасы бар» ой қозғау
Қариялардың кеудесі – алтын сандық. Ол сандықта атадан балаға жалғасып келе жатқан имандылық, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттері тұнып тұр.
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!
Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар – біздің асыл қазынамыз.
б) «Ата-әжем мақтанышым» альбом,суреттер
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген мақал текке айтылмаса керек.
Көне тәмсілдегі « Бір бала бар – атаға жете туады, бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
- Сұрақтарға жауап беру.
1. Өрт дегеніміз не?
2. Өрт қауіпсіздігі дегеніміз не?
3. Өрттің алдын алу шаралары.
4. Өрт сөндіру құралдары.
|
«Тамаша!», «Жарайсың!» мадақтау сөздерімен ынталандыру.
|
Интербелсенді тақта, презентация, сұрақтар жазылған парақшалар, альбом, фотосуреттер
|
Сабақтың соңы
|
V. Сабақты қорытындылау, бағалау.
Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп-қатер аз емес. Соның ішінде, ең күрделі – өрт.
Өрт – аса қатыгез, ол ешкімді ая¬май¬ды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн.
Құрметті оқушылар, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды өтінемін. Өрттен сақ болыңыздар!!!
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.
|
|
Интербелсенді тақта
|
Достарыңызбен бөлісу: |