Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырдағы қазақ жерінен шыққан даналар Сабақтың мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі59,43 Kb.
#25572
түріСабақ
Қазақстан тарихы Сынып 10
Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырдағы қазақ жерінен шыққан даналар
Сабақтың мақсаты:

1.Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан даналардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;

2.Оқушылардың тарихи-ғылыми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту; 3.Қазақ халықына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім-тағлым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Ізденіс сабағы Әдісі:сұрақ-жауап, баяндау,ойын сұрақтары,деректермен жұмыс Көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер,нақыл сөздер Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқу құралын тексеріп түгелдеу 2.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ-ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Эпостық жырлар

Шарты:

Сандарды таңдау арқылы ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру керек.

1.Ә.Марғұлан қазақ эпосын неше кезеңге бөлді?

1.Архаикалық кезең,

2.Оғыз-қыпшақ дәуірі 6-12 ғасыр ,

3.Ноғайлы дәуірі 13-17 ғасыр,

4.Қалмақ шабуылы дәуірі 18-19 ғасыр,

5. Кейінгі дәуір
2.Көшпелі түрік халықтарына ортақ эпостық шығарма

(Алпамыс жыры)
3.Көне эпостық шығармаларды ата

(Құламерген,Жоямерген)
4.Қобалынды,Алпамыс, Ер Тарғын батырлар қай рудың намысын қорғады?

(қыпшақ,қоңырат,бүкіл ноғайлы)

5. XVIII ғасырдағы тарихи жырларды ата.

(Қабанбай батыр,Олжабай батыр,Сырым батыр,Арқалық батыр,Шақшақұлы ер Жәнібек)
6.Хиуа хандығы мен Ресей отаршылдарына қарсы күрес қай жырда айтылған?

(Жанқожа батыр жырында)
7.XIX ғасырға жататын тарихи оқиғаны суреттейтін Кенесары Наурызбай дастанын кім шығарған?

(хан Кенененнің жорықтарына қатысқан нысанбай жырау)
ІV.Мақсат қою

Әбу Насыр әл-Фараби шығармалары,Махмұд Қашғаридің кітаптары, Жүсіп Баласағұнидің еңбектері, Қожа Ахмет Йасауидің «Даналық» кітабы т.б.



Сүлеймен Бақырғани (12 ғасыр)

Әбу Райхан әл-Бируни (973-1050)

Ахмет Иүгнеки (12 ғасыр)
V. Жаңа сабақ 1.Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) 2.Жүсіп Баласағұни (1015-1075) 3.Махмұд Қашғари (1030-1090)

4. Қожа Ахмет Йасауи (1103-1167)

5.Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551)

6. Қадырғали Жалайыри (1530 – 1605)

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушылардың ынтасын, ойын сабаққа бейімдеу мақсатында сұрақтар қоямын.

Сыныпты топқа бөлу

Топ басшылары

1.Ғылым дегеніміз не? 2.Ғылымның қандай түрлерін білесіңдер? 3.Ғылым, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?


«Оқу-білім азығы, Білім-ырыс қазығы»,

«Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды мысалға келтіре отырып, шәкірттерді үнемі білім,ғылымға ұмтылуға шақыру Оқушылардың назарын Шығыстың ортағасырлық аса көрнекті ғұламаларының еңбектеріне аударып, төмендегі кесте бойынша түсндіремін



Жаңа тақырып бойынша оқушыларға дайындалуға 3 минут беріледі.

Шарты :

  1. Қазақ даналарының өмір жолына шолу жасау

  2. Еңбектері жайлы мәлімет беру

  3. Зерттеген салалары.

Батыр тобы

1.Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) 2.Жүсіп Баласағұни (1015-1075)



Қазақ тобы

3.Махмұд Қашғари

4. Қожа Ахмет Йасауи
Мирас тобы

5.Мұхаммед Хайдар Дулати

6. Қадырғали Жалайыри
Деректер сөйлейді

Шарты:Айтылған мәліметтер кімнің дерегінде жазылғанын табу керек.



  1. Н.Баскаков: «Өзінің бұл атақты еңбегін жазуда түрік тілдерін өзара салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы болды» -деп кім туралы айтқан?

(М.Қашғари)

  1. «Қасым хан Дешті Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық,Жошы ханнан соң ешкім де ол сияқты жоғары билікке қол жеткізе алған жоқ»-деп кімнің дерегінде көрсетілген?

(М.Х.Дулати)


  1. «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны қасым хан еді. Ол Жаған бикеден туған еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті» деп кімнің дерегінде жазылған?

(Қадырғали Жалайыри)

  1. «Мен дүниежүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған,әділ үкім,нақыл сөзге қанық көптеген кітаптар оқыған адаммын»- деп,кім қай еңбегінде жазған?

(Қадырғали Жалайыри, «жылнамалар жинағы)


  1. «Арабша,тәжікше кітаптар көп. Ал бұл біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ»-деп кім ,қай дастанды жазған?

( Ж.Баласағұни. Құтадғу білік дастаны)


  1. «Оның қарамағындағы әскер саны 300 мыңға жуық еді»- деп кімнің дерегінде жазылған?

  2. (Бабыр мен Дулати)

Оқулықпен жұмыс

Тақтада берілген адасқан сөздерді оқулықты пайдалана отырып,дұрыс жауабын табу.

1.Өз жайлы Хаукаль Әл-Фараби еңбегінде Ибн : « бірі мұсылман ірі философтарының аса. Оның деген олардың деңгейіне жоқ» жеткен ешқайсы. 235- бет

2.Туып маңында соң, ержеткен Түркістан шығармашылық Түркістан бастаған қызметін қаласында өзінің діни. Болған белгілі VI- XV деген ғасырларда қаласы Иасы атпен Түркістан . 238-бет

3.жерінде құрылым мемлекеттік орналасқан Рязань қазіргі Қадырғали би шағын хандығында тұрған Қасым хандығында кезде жазды «Жамиғат-тауарих» шығармасын атты. 240 бет

Дұрыс жауабы:

1.Ибн Хаукаль өз еңбегінде әл-Фараби жайлы: «Ол аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ» -деген.

2.Түркістан маңында туып ержеткен соң Түркістан қаласында өзінің шығармашылық,діни қызметін бастаған. Түркістан қаласы VI- XV ғасырларда Иасы деген атпен белгілі болған.

3.Қадырғали би қазіргі Рязань жерінде орналасқан шағын мемлекеттік құрылым Қасым хандығында тұрған кезде «Жамиғат-тауарих» (Жылнамалар жинағы) атты шығармасын жазды.

Дәптермен жұмыс

Тесттік жұмыстарда кездесетін мәліметтерді дәптерге түсіру.

ҮІ. Сабақтың бекіту:

«Қазақстан картасы»

Тесттік тапсырма 14 сұрақ

Шарты: сұрақтарға талдау жасалып,дұрыс жауап болса әр облыстың шекарасын плакатқа жабыстырып Қазақстан картасын құрау керек.



  1. Әбу Насыр әл-Фараби қай жерлерде білім алған?

  2. 2.Әбу Райхан әл-Бирунидің аспан денелеріне қатысты қандай жаңалық ашқан?

  3. Махмуд Қашғаридің еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді?

  4. «Құт негізі-білік» кітабы несімен ерекшеленді?

  5. Қожа ахмет Йасауидің әулиелігі неде?

  6. «Сопылық» дегенді қалай түсінесіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

1-топқа Сүлеймен Бақырғани (12 ғасыр)

2-топқа Әбу Райхан әл-Бируни (973-1050)

3-топқа Ахмет Иүгнеки (12 ғасыр) жайлы мәліметтер жинақтап,оқу

Тест құрау әр топ 10 сұрақтан.



Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет