Қолдану Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Айқас тозаңдану және өсімдігі өздігінен тозаңдану. Айқас тозаңданукезінде бір гүл тозаңы басқа аналығының аузына түседі. Өздігімен тозаңдану кезінде тозаң бір гүлдің ішінде аталықтан аналық аузына түседі.
Өсімдіктің көпшілігінде гермафродитті гүлдер болғанымен, табиғатта өздігінен тозаңдану үдерісі жиі кездеспейді. Сендерге та-ныс егістік бұршақ, жержаңғақ және бидай өздігінен тозаңданатын өсімдіктерге жатады.
Айқас тозаңдану әдісі.Өсімдіктер тозаңдану үдерісіне бейімделді.Аналық тозаңының құрылысы осы өсімдік түрінің тозаңы оңай қонып қалатындай болып түзілген. Тозаңның өзі аналық аузында оңай ұсталу үшін біртегіс емес. Тозаң көп және ол тозаңданудың белгілі бір әдісі үшін бейімделген. Ал тозаңдану әдісі әртүрлі болады.