Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
Мынадай құбылыстарға баға беріңдер: 1) табиғаттағы вегетативті көбею;
2) қажетті қасиеттері бар өсімдік алу үшін телу;
3) ұлпалар арқылы көбею.
«Шеңбердегі доп» әдісі Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы бір сөйлем айтады.
Саралау – Сіз қосымша Көмеккөрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың Үйренгенін тексеруді Қалай жоспарлайсыз?
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті Қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс
Рефлексия Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайыма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағыахуал
Қандай болды?
Мен жоспарлаған
Саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
Уақыт ішінде
үлгердімбе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
Жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Сабақтың тақырыбы: Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды).
7.2.1.3 - өздігінен және айқас тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау;
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі
Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық маңызы. Өсімдік өсіруде өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану. Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (қалемшелермен, көзшелермен), көбею ұлпаларымен.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт
Сабақ барысы :
Бағалау түрлері
Басталуы 5 минут
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Тірек сөздер бойынша топқа бөліну. Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда сөздер болу керек.
Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Сурете байланысты тілек» тренинг Оқушыларды шеңберге шақыру,амандасу. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған суретке байланысты тілектер айтады.
1-топ
2-топ
3-топ
Суреттер
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну Өсімдікті тозаңдану және ұрықтану түсінігі. Гүлді өсімдіктің жынысты көбею мүшесі – гүл. Гүл қосымша және басты мүшелерден тұрады. Қосымша бөліктер бұл – гүлсағақ, гүлтабан, тостаған жапырақшалар және күлтелер. Гүлдің басты бөліктері – аталығы және аналығы. Аталығында түзілген тозаңда аталық жыныс жасушалары бар. Ал аналығында аналық жыныс жасушалары болады. Аналығының жоғары бөлігі аналық аузы деп аталады.
Тозаңдану – аналық аузына тозаңның түсу үдерісі. Тозаңдану үдерісінен кейін ұрықтану жыныс жасушаның қосылуы
– дара хромосома жиыны бар гаметаның қосылу үдерісі жүруі керек. Қазір тозаңдану үдерісінің ерекшелігін қарастырамыз. Дара жынысты және гермофродитті гүлдер. Гүлдерде тек аналықтары немесе тек аталықтары болатын өсімдіктер бар. Мұндай гүлдер дара жынысты гүлдер деп аталады. Олар тек аналық немесе тек аталық болуы мүмкін. Мысалы, асқабақ тұқымына жататын барлық өсімдіктер: асқабақ, қауын, қарбыз, қияр, патиссон т.б. бір өсімдікте аталық та, аналық та гүлдер өседі.
Бірақ көп өсімдіктерде аталығы мен аналығы болатын гүлдер бар. Мыса- лы, қызғалдақ, раушангүл, алма, өрік, шие, алмұрт т.б. Осы өсімдік гүлдерде аналық та (раушангүлдегі сияқты көптеген аналық) және аталық та болады. Мұндай өсімдіктер қосжынысты немесе гермафро- дит өсімдіктер деп аталады. Айқас тозаңдану және өсімдігі өздігінен тозаңдану. Айқас тозаңдану кезінде бір гүл тозаңы басқа аналығының аузына түседі. Өздігімен тозаңдану кезінде тозаң бір гүлдің ішінде аталықтан аналық аузына түседі.
Өсімдіктің көпшілігінде гермафродитті гүлдер болғанымен, табиғатта өздігінен тозаңдану үдерісі жиі кездеспейді. Сендерге та- ныс егістік бұршақ, жержаңғақ және бидай өздігінен тозаңданатын өсімдіктерге жатады. Айқас тозаңдану әдісі. Өсімдіктер тозаңдану үдерісіне бейімделді. Аналық тозаңының құрылысы осы өсімдік түрінің тозаңы оңай қонып қалатындай болып түзілген. Тозаңның өзі аналық аузында оңай ұсталу үшін біртегіс емес. Тозаң көп және ол тозаңданудың белгілі бір әдісі үшін бейімделген. Ал тозаңдану әдісі әртүрлі болады.
Желмен тозаңдану – жел арқылы тозаңның тасымалдану үдерісі. Желмен тозаңданатын өсімдіктерде құрғақ әрі жеңіл тозаң көп болады. Жәндіктермен тозаңдану – жәндіктер арқылы тозаңның тасымалдану үдерісі. Мұндай өсімдіктің тозаңы жәндік денесіне оңай жабысу үшін бұдыр, жабысқақ болады. Жануар арқылы кейбір тропиктік өсімдіктер тозаңданады (мысалы, колибри құсы арқылы).