Бөлімнің атауы: Қазақстандағы ұлттар достастығы
|
Мектеп: №16 жалпы орта білім беретін мектеп
|
Күні: 11.02.2019ж.
|
Машықкер: Ерғалиқызы Ә.
|
Сынып: 7 А
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қос бәйтерек достығы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау. 7.ӘТН2.Еліктеу сөздің мағыналық түрін ажыратып, түсініп қолдану.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: Еліктеу сөздің мағыналық түрлерін ажыра алады
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіндегі деректерге сүйеніп проблемалық сұрақтар құрайды, талқылайды
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Бейнелеуіштер мен еліктеуіштерді қолданып шағын эссе ( 50сөз) жазады.
|
Бағалау критерийі
|
Еліктеу сөздің мағыналық түрін ажыратады.Тыңдалым материалына сүйеніп, проблемалық сұрақ құрай,талқылай алады.Бейнелеуіштер мен еліктеуіштерді қолданып шығармашылық жұмыс (эссе,өлең, мақала) жазады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Лексикалық минимум Рухани философиялық,хикая, түйсік,сана,өре, ең парасатты кітап, адамзаттың ертеңі. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар: менің ойымша, біріншіден, сонымен қатар, қорытындылай келе т.б.
|
Құндылықтарға баулу
|
Бірлік – табылмас байлық! Мұғалім оқушылардың өзара қарым-қатынас жасауына жағымды психологиялық ахуал орнатады.Сабақ барысында мұғалім кері байланыс беру арқылы оқушыларға қолдау көрсетеді.
|
Алдыңғы оқу
|
Тұрақтылықтың басты кепілі – татулық пен келісім
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылармен амандасу
-Психологиялық дайындық
«Сәлеметсің бе!»
Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас
бармақтан бастайды:
Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);
- Табыс (сұқ саусақ);
- Үлкен (ортаңғы);
- Барлығында (атаусыз);
- Барлық жерде (шынашақ);
- Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).
Үй тапсырмасын сұрау. Жазып келген өлеңдерін оқыту
|
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақ
Ой қозғау.
Оқылымалды тапсырмасы:Біз білеміз бе? Шыңғыс Айтматов қай елдің жазушысы? Мұхтар Шахановтың қай шығармасы жадыңызда сақталған,неліктен? Ақпаратқа назар салайық» айдары:«Шаханов пен Евтушенконың достығы» Оқылым тапсырмасы«Қос бәйтерек достығы» (С.Эралиев old. аbai. кz\node\22420) Оқушылар оқулықтан ойтүрткі сауалдарына жауап береді
2-тапсырма
Еліктеу сөздің мағыналық түрлерін оқып шығыңыз. Еліктеу сөздердің мағыналық түрін ажыратып, ауызша сөйлем құраңыздар.
Еліктеуіш сөздер: зу-зу етіп, саңқ етіп, шыр-шыр еткен, саңғыр еткен, гүрс етіп атылды, сарт-сұрт ете қалды, күрк-күрк жөтелді, гулеп кетті, салдыр-күлдір құлады, пыс-пыс етіп ұйықтады
Бейнелеуіш сөздер: елпең қақты, селк ете қалды, жапыр-жұпыр амандасты, шып-шып терледі, дір-дір етті, зып етіп, қалт тоқтады, жалт қарады
Жазылым тапсырмасы:1. Ғибратты сөзді дәптерге көшіріп жазып, мағынасына байланысты өмірден түйген көзқарастарыңды білдіріңдер.
«Өгізді өрге салма-қанатың талар, наданға сөзіңді салма-сағың сынар». (Төле би) «Досыңа өтірік айтпа-сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа-түбіңе жетер». (Төле би) «Жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма,өрісің тарылар. Мақтаншақ жігіт жисаң,ұятқа қалдырар». (Төле би)
2. №22 Тыңдалым мәтінін (184-бет) тыңдайды.Өлең ұйқасын ажыратып,бейнелеуіштер мен еліктеуіштерді қолданып шығармашылық жұмыс (эссе,өлең, мақала) жазады.
Жазылған жұмысты «Тұсаукесер» әдісімен «Автор орындығында» оқиды.
|
|
Сабақтың соңы
|
«Бағдаршам» әдісі
-Жасыл түс – бүгінгі сабақ мақсатына жетті, тақырыпты меңгердім;
-Сары түс – тақырыпты толық меңгемедім, сұрағым бар;
-Қызыл түс – сабақ мақсатына жетпеді
Үйге тапсырма беру
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |