3-тапсырма.( топтық жұмыс)
«Белсенді әдіс: «Ойлан тап» әдісі
Бұл әдіс арқылы оқушылар берілген тапсырманы ойланып айтады.
Саралау тәсілі: «Қарқын»
Берілген тәсіл арқылы кейбір оқушылар топтық жұмыс барысында өсімдіктер мен жануарлардың пайдасы мен зиянын айта алады. Осы тапсырма арқылы көп күш жұмсауды талап ететін оқушыларды байқадым және оларға қосымша тапсырмалар ұсынамын. Ал өсімдіктер мен жануарлардың пайдасын айта алмай отырған оқушыларға көмек көрсетіп, біршама уақыт беремін.
Бағалау критерийі:
Өсімдіктер мен жануарлардың пайдасы мен зиянын анықтап,әңгімелеп айтады.
Дескриптор:
Олардың пайдасы мен зиянын ажыратады,әңгімелеп айта алады.
Бағалау:«Отшашу» әдісі
4-тапсырма. (Топтық жұмыс)
Берілген суреттердің ішінен өз тобына жататын суреттерді таңдап алу.
Белсенді әдіс: «Сәнді конверттер» әдісі.
Конвертте берілген суреттерді топтастырып, сәйкестендіреді.
Саралау тәсілі: «Қорытынды» тәсілі.
Осы тәсіл арқылы оқушылар қорытынды жасап, айтады.
Бағалау критерийі:
Өсімдіктер мен жануарларды топтастырып сәйкестендіреді.
Дескриптор:
Өсімдіктер мен жануарларды топтастырады.
Өсімдіктер мен жануарларды сәйкестендіреді.
Бағалау:«Басбармақ» әдісі
Өсімдіктер мен жануарлардың бейнесі бар мозайка
Оқулық, слайд
«Арам-зам-зам!» биі
А-3 форматындағы ақ қағаз,маркир
А-3 форматындағы ақ қағаз,желім, суреттер топтамасы
|
Сабақтың соңы
(10 минут)
Сабақ бойынша рефлекция
|
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
«Желкенді қайық » әдісі
Оқушылар желкеннің қайығын бояу арқылы кері байланыс жасайды.
Жасыл – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.
Сары – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.
Қызыл – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.
Қорытынды:
Адамдарға қажетті азық-түлікті біз өсімдіктер мен жануарлардан аламыз. Адамның күнделікті тұрмысына әртүрлі дүниелер керек болды. Оларды жасауға қажетті материалдар да табиғаттан алынды. Адамдар өз ағзасына пайдасы бар өсімдіктерді қолдана бастады. Демек, адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес.
Үйге тапсырма: Сұрақтардың жауабын дәптерге жаз.
«Табиғат адамды қоректендіреді, емдейді және киіндіреді» деген сөзді қалай түсінесің?
Адам табиғатты не үшін сақтап, қорғауы керек?
|
|