Сабақтың тақырыбы: Қосымшаның жұрнақ, жалғау болып бөлінуі. Сынып: 2 «А» Мерзімі: 21. 01. 2016 ж



Дата27.12.2016
өлшемі173,96 Kb.
#6315
түріСабақ
Келісілді: Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: № 11 ЖОББ мектеп директоры

___________ Р.Ж.Байсугурова ____________ Н.М.Мусабекова

Сабақтың тақырыбы: Қосымшаның жұрнақ, жалғау болып бөлінуі.

Сынып: 2 «А»

Мерзімі: 21.01.2016 ж

Мұғалімі: Омирбаева А.М

Сабақ мақсаттары: Оқушылардың қосымшалардың қызметтері туралы алған білімдерін кеңейту, олардың

қызметіне қарай араларындағы айырмашылықтарды аңғарту; Қисынды ойлау шеберліктерін

арттыра отырып, сөз ,сөздердің жазылу емлесі туралы алған білімдерін дамыту; Түбір сөзге

жалғанып тұрған қосымша түрін ажырата білуге үйрете отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,

сауаттылыққа үйрету;
Міндеттері: оқушыларды өз бетінше ізденуге жұмылдыру, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, дүниетанымын

кеңейту, қазақ тіліндегі сөздерді ажырата алуға машықтандыру, шығармашылық

қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: : жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: музыка
Құралдар: А-4 қағаз, үлестірмелі карточкалар,
Әдіс-тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, ізденушілік, талдау, ажырату, салыстыру, топтау, жинақтау, дәлелдеу. Оқыту нәтижесі: Қосымшаның жұрнақ, жалғау болып бөлінуін біледі;

Түбірге жұрнақ, жұрнақтан соң жалғау жалғанатынын біледі.


- жұптық және топтық әрекетте белсенділік танытады,   сыни тұрғыдан ойлай біледі;

 - жауапкершілік сезімі нығаяды,



Сілтеме: Қазақ тілі оқулығы 2-сынып. Атамұра-2013ж Уайсова Г.И, Әміров Р.С, Жұмабаева Ә.Е

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Кірікті

рілген модуль

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


2 мин

СТОү

ОмОЖТ


СТОү

АКТ


ОүБжОБ

ТжДБО


ОЖЕСОжО

ОБжК


Сәлемдесу, психологиялық ахуал туғызу

5 түбір, 11 жалғау сөз, 11 жұрнақ сөз

Қағазға жазылған сөздер арқылы топқа бөлінеді.

Мектеп, кітап, дәптер, қалам, сағат. Оқуға, досы, баласы, қарды, әжесі, гүлді, атасы, сәнді, ойынға, жұмыста. Күйші, әнші, малшы, қойшы, оқушы, оқулық, үйшік, алңқай, қалашық, биші.



Бір сөзді таңдап алып, топқа бөлініп отырады.

«Менің қолымнан бәрі келеді»

деген сөйлемді әр түрлі

интонациямен айтқызамын. (қуанышты, сұраулы, таңқалушы т.б.)




Білу

3 мин

ОмОЖТ

СТОү


ОүБжОБ

ТжДБО


ОЖЕСОжО


Сұрақтар қою

Түбір деген не?

Жұрнақ деген не?

Жалғау деген не?

Топқа бөлінген сөздерді сөз құрамына талдау

Оқушылар сұрақтардың барлығына толық жауап берді. Сөздер арқылы топқа бөлініп , сол сөздерді сөз құрамына талдады.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсындар? Сабақтың мақсатын анықтап алайық.


Оқушылар қойылған сұрақтарға толық нақты жауап беруге тырысты
Қосымшаның жұрнақ жалғау болып бөлінетінін қайталау.

Бүгінгі сабақта түбірге жалғанатын қосымшалар жұрнақ пен жалғау екенін анықтаймыз. Топқа бөлінген сөздермен жұмыс жасаймыз.



Бағалау дескрипторы:

  1. Қосымша жұрнақ пен жалғау екенін біледі-2

  2. Жартылай біледі-1

Шапалақпен бағалау

Түсіну

10 мин

ОмОЖТ

СТОү


ОүБжОБ

ТжДБО


ОЖЕСОжО

Әр топқа ақ қағаз таратып беріледі, ақ қағазға жұрнақтардың тиістісін жалғап сәйкестендіру.

Би, қобыз, көп,сауық -шы,-ші -шіл,-шыл

Іс, орын, талап, көл -дық, -кер, -шік

Қыс,арба, түн, жаз -гі, -лы, -қы, -ғы

Өзара тексереді


Оқушылар орындау барысында түбірге жұрнақ жалғанғанда жаңа сөз тудыратынынына көңіл аударады



Қолдану


5 мин

ОмОЖТ

СТОү


ОүБжОБ

ТжДБО


ОЖЕСОжО

Оқулықпен жұмыс

287-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Жалғауларды тап

Бүгін Әнуар мен Нұржан ерте тұрды. Олар қардың қалың жауғанын көрді. Екеуі есік алдындағы қарды күреді. Әнуар әжесіне құдықтан су әкеліп берді. Нұржан тауықтарға жем шашты.

Өздіктерінен дәптерге орындайды.



Оқушылар дәптерге күнді жазады,

Өзара дәптер алмасу арқылы тексереді


Бағалау дескрипторы:

1) жалғауларды таба біледі - 2

2) толық түсіндіре алды-1



Сергіту сәті







«Көңілді күн» сергіту сәтін орындайды

Оқушылар еркін тұрып, музыка ырғағымен билейді.

Талдау

15 мин

ОмОЖТ

СТОү


ОүБжОБ

ТжДБО


ОЖЕСОжО

ОБжК



Оқулықпен жұмыс

290 – жаттығу. Ребусты шеш. Шыққан сөзді сөз құрамына талда. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.


Оқулық



Жинақтау

7 мин

ОмОЖТ

СТОү


АКТ

ТжДБО


ОЖЕСОжО


Әр топқа «Өз орныңды тап» ойлауға арналған тапсырма беріледі

Мүсін +ші+лер, оқу + шы+ лар, ойын + шық + тар

Оқушылар қолдарына берілген сөздерді үлгі бойынша өз орындарына орналастырды.



Әр топқа берілген сөздер арқылы өз орындарын тауып қандай сөздер шыққанын айтады.

Рефлексия


3 мин

ОмОЖТ


СТОү


Әр топқа 1 сұрақтан беріледі. Сабақ бойынша ой қорытындылайды.
Үйге тапсырма. 291 – жаттығу «Қысқы еңбек» тақырыбына әңгіме құрау.

1 топқа- Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер?

2 топқа-Сабақта не қиын болды?



3 топқа-Сабақта сендерге не қызықты болды?
Бағалау дескрипторы :сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасай алды -4 ұпай;
Стикер арқылы

  1. Мен білемін

  2. Мен қиналдым

  3. Маған көмек керек



Келісілді: Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: № 11 ЖОББ мектеп директоры

___________ Р.Ж.Байсугурова ____________ Н.М.Мусабекова
Сабақтың тақырыбы: Наурыздағы тілек. 96 сабақ.

Сынып: 2 «А»

Мерзімі: 04.03.2016 ж

Мұғалімі: Омирбаева А.М

Сабақ мақсаттары: Оқушылардың наурыз меркесі туралы түсініктерін кеңейту.мәтінді оқи отырып зерттеушілік

әңгімеге тарту, зейінін, есте сақтауын, оқушылардың белсенділігін арттыра отырып өзін-өзі

бағалауға,топтық жұмыс жасауға,сандық технолгияны қолдану арқылы өз бетінше жұмыс

жасауға үйрету.


Міндеттері: оқушыларды өз бетінше ізденуге жұмылдыру, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, дүниетанымын

кеңейту, ойларын толық жеткізіп айтуғаүйрету, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: : жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: музыка
Құралдар: А-3 қағаз, үлестірмелі карточкалар,
Әдіс-тәсілдер: топтастыру,жұптық, топтық жұмыс.постер қорғау, АКТ: компьютер, бағалау, Рефлексия сұрақ - жауап,

түсіндіру, ізденушілік, талдау, ажырату, салыстыру, топтау, жинақтау, дәлелдеу.



Оқыту нәтижесі: Оқушылар мәтінді өздігінен түсінуге, талдауға үйренеді. Өз ойы мен алған  әсерлерін жеткізеді,

зерттеу, салыстыру әдістері арқылы сыни тұрғыдан ойлауы жүзеге асады,топтық жұмыс жасауға,

өзін-өзі бағалауға үйренеді, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігі артады.

Сілтеме: Әдебиеттік оқу оқулығы 2-сынып. Атамұра-2013ж Қабатай Б.Т, Рахметова С.Р.


Сабақ кезеңдері

Уақыт

Кірікті

рілген модуль

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


2 мин

СТОү

ОмОЖТ


СТОү

АКТ


ОүБжОБ

ТжДБО


ОЖЕСОжО

ОБжК


Сәлемдесу, психологиялық ахуал туғызу

Жақсылықтан үйреніп

Боламыз біз жақсы адам

Жамандықтан жиреніп

Үлгі аламыз жақсыдан

Топқа бөлу

Түрлі гүлдер арқылы бөлу

(сары, ақ, көк, күлгін)



Гүлдердің біреуін алып, топқа бөлініп отырады.

«Менің қолымнан бәрі келеді»

деген сөйлемді әр түрлі

интонациямен айтқызамын. (қуанышты, сұраулы, таңқалушы т.б.)




Білу

3 мин

ОмОЖТ

СТОү


ОүБжОБ

ТжДБО


ОЖЕСОжО


Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қою.

  • Наурыз қандай мейрам?

  • Наурыз күні қалай аталады?

  • Наурыз көже қалай жасалады?

  • Ұзынсары деген не екен?

Барлығымыз тақтаға қараймыз тақтадан

«Наурыз» туралы бейне баян көрсетіледі..

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсындар?

Наурыз мерекесінде адамдар бір – бірлеріне қандай тілектер айтады?

Сабақтың мақсатын анықтап алайық.

Наурыз қандай мейрам?

Қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?

Наурыз көже туралы не білесіңдер?




Әр топ бір – біріне сұрақ қойып

Оқушылар қойылған сұрақтарға толық нақты жауап беруге тырысады.


Наурыз жаңа күн, жыл басы. Ұлыстың ұлы күнінде адамдар бір – бірлеріне жақсы тілектер айтып бата береді.

Қыдыр ата келіп барлық адамдарға баталарын береді.

Наурыз көженің құрамы: бидай, тары, қамыр, бұршақ, ет, тұз, сүт.

Шапалақпен бағалау



Түсіну

10 мин

ОмОЖТ

СТОү


ОүБжОБ

ТжДБО


ОЖЕСОжО

Оқулықпен жұмыс

Іштерінен өлеңді оқып шығыңдар. Жұптасып оқыңдар.

-Бата деген сөзді естулерің бар ма?

-Батаны кімдер береді?

-Бата бергенді қай жерлерде естіп, көріп жүрсіңдер?

- Батаның қандай түрлерін білесіңдер?

-Тілек білдіру, жақсы сөздер айту батаға жата ма?


Әр топ сұраққа  жауап береді.

Тапсырманы топта талқылайды, шешімін табады. Топтар бірін-бірі бағалайды.


Бата туралы білгендерін оқушылар жеткізіп айтады.

Қолдану


5 мин

ОмОЖТ

СТОү


ОүБжОБ

ТжДБО


ОЖЕСОжО

Сәйкестендір
Наурыз арқан тарту, қыз қуу, теңге

алу
Қыдыр ата көктемнің ұзақ күні

Наурыз көже жаңа күн, жыл басы

Ұлттық ойындар ұлттық сусын

Ұзынсары әр шаңыраққа соғып бата

беретін адам. 


Оқушылар ең бірінші қазға жүзінде сәйкестіендіреді

АҚТ қолданып флипчартта сәйкестендіреді.



Сергіту сәті







«Қара жорға» биін билейді.

Оқушылар еркін тұрып, музыка ырғағымен билейді.

Талдау

15 мин

ОмОЖТ

СТОү


ОүБжОБ

ТжДБО


ОЖЕСОжО

ОБжК



Постер қорғау

І-топ. Көктемнің белгілері

ІІ-топ. Көктемдегі үй жануарлардың тіршілгі

ІІІ-топ. Көктемдегі табиғат көрінісі.

ІҮ-топ. Көктем мерекелері

Постерге суреттерін салып топпен қорғайды.


Басбармақпен бағалайды.


Жинақтау

7 мин

ОмОЖТ

СТОү


АКТ

ТжДБО


ОЖЕСОжО


Алты қалпақ.

Ақ қалпақ :

Білесіңдер ме, Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді екен Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.
Қызыл қалпақ:

Осы біздің қазақ халқында басқа тағы да қандай мерекелер бар өзі? Жылына екі рет болатын ораза мен құрбан айттан басқа, айтарлықтай мейрам да жоқ. Неге? Махаббат күні, Денсаулық күні, Ата-аналар күні бізде де тойланбасқа?

Сары қалпақ:

Балалар, сабыр етіңдер. Ашуланбайық. Одан да, осы жалғыз болса да, бір мерекемізді дұрыстап, дүркіретіп, басқа ұлттар қызығатындай етіп өткізуге тырысайық. Бұл мерекеде ашу шақырып, ұрысуға болмайды. Керісінше, туыстарыңмен кездесіп, жақсы тілектер айтайық.

Қара қалпақ:

Оой қойындаршы, сол Наурыз мерекесін. Түк те қызық емес. Күні бойы көшедегі әдемілікке қойылған киіз үйлерді көргеннен басқа қызықтайтын ештеңе де жоқ. Киіз үйге кіріп, астан дәм тата алмасаң, тегін берілетін көженің өзін сатып алсаң , ондай мерекенің не керегі бар.



Жасыл қалпақ:

Ия балалар жаман айтпай жақсы жоқ демекші,-Наурыз мерекесі ең тамаша, көктемнің шуақты күні өтетін мейрам! Көңілімізді көтеріп ән айтайық. Менің өлең айтқым келіп тұр

Армысың Наурыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый – құрмет!

Көк қалпақ:

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады.  Наурыз күні жұрт бар жақсыларын киіп, үлкен қуанышпен қарсы алады. Бір – біріне өкпелі адамдар барлық реніштерін ұмытып, құшақтасып, төс қағысып, көрісетін болған. Бір – біріне жақсы, игі тілектер айтып, ақ ниетпен бата беріскен.

Балалар бүгінгі сабағымызды алты қалпақ стратегиясы арқылы түйіндейміз.

Ақ қалпақ – өз пікірін білдіреді.

Қызыл қалпақ – эмоциялық көңіл күйін білдіреді.
Сары қалпақ – жақсы тұстарын айтады.

Қара қалпақ – сын айтады

Жасыл қалпақ – жаңа идея ұсынады.

Көк қалпақ – басшылық жасап қорытынды айтады.




Рефлексия

Бағалау



3 мин

ОмОЖТ


СТОү


Әуе шарға тілек жазып ұшырады.

І – топ. Ата – анаға арнап тілек жазу.

ІІ – топ. Достарына арнап тілек жазады.

ІІІ – топ. Ата – әжелеріне арнап тілек жазады.

ІҮ – топ. Отанға арнап тілек жазады.

Үйге тапсырма.

172 – беттегі Наурыздағы тілекті жаттап, бата түрлерін біліп келу.



Барлық оқушылар тілектерін жазып әуе шарына жапсырады.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет